Көлік салығына байланысты кімдердің шоттары бұғатталады?

cover Фото: gov.kz

Құзырлы орган қазақстандықтарға 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеу қажеттігін еске салды. Уақытында төлемеген жағдайда қарыз өсіп, банктік шоттардың бұғатталуы, тіпті елден шығуға шектеу қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.      

Қазақстанда әрбір автокөлік иесі жыл сайын көлік салығын төлеуге міндетті. Биыл ол 2025 жылы көлікті пайдаланғаны үшін есептелді. Салық мөлшері сол кезеңдегі айлық есептік көрсеткішке (АЕК — 3 932 теңге) байланысты анықталады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жеке тұлғалар үшін салық төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Бұл күнді өткізіп алмау аса маңызды, өйткені 2 сәуірден бастап әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеле бастайды. Ал 10 мамырдан бастап салық органдары борышкерлерге қатысты өндіріп алу шараларын қолдана бастайды.

Мәселен егер қарыз сомасы 1 АЕК-тен асса, салық бұйрығы жолданады. Хабарлама алғаннан кейін 5 күн ішінде қарыз өтелмесе, іс жеке сот орындаушысына беріледі.

Ал өз кезегінде жеке сот орындаушысы:

  •  борышкердің банктік шоттары мен мүлкіне тыйым салуы мүмкін;
  • егер қарыз 40 АЕК-тен асса, Қазақстаннан уақытша шығуға шектеу қоя алады.

Нәтижесінде салықты бәрібір төлеуге тура келеді, бірақ ол кезле негізгі төлемнен бөлек өсімпұлды және жеке сот орындаушысының қызмет ақысын (қарыздың 25%-ына дейін) төлеу қажет болады. Сондықтан істі сот орындаушысына жеткізбей, уақытында төлеген тиімді.

Қазақстандықтарға 2025 жыл үшін есептелген көлік салығын 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу қажет. Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, мегаполисте алдын ала есеп бойынша 479 571 тұрғынға 807 275 көлік құралы үшін салық есептелген.

Салық төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде берешекті өндіру туралы салық бұйрығы шығарылады, ал тағы 5 күннен соң іс жеке сот орындаушысына жолданады.

Нәтижесінде бәрібір мәжбүрлі түрде қарызды өтеу міндетті болып қала береді, бірақ есептелген өсімпұл мен жеке сот орындаушысының қызмет ақысы да қосылады.

Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар