Жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады
Фото: gov.kz
Фискалдық салықтың есептелген сомалары туралы ақпарат 15 наурыздан кейін жіберіледі
Жеке тұлғалардың 2023 жылға арналған көлік құралдары салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Салықты есептеу кезінде 2023 жылғы 3 450 теңге айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятордың және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады.
Бұл ретте салық органдары есеп айырысу балансын анықтау мақсатында жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді.
Есептелген салық сомалары туралы ақпарат 2024 жылдың 15 наурызынан кейін «Kaspi Bank» АҚ және «Халық Банкі» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH хабарламалары түрінде жіберіледі. Сондай-ақ салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қызметінде, «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейлі банктердің «Kaspi Bank» АҚ мен «Халық Банкі» АҚ мобильді қосымшаларында орналастырылады.
Бұл мобильді қосымшалардың барлық пайдаланушылары 2023 жылға арналған көлік құралдары салығының есептелген сомаларын қарап, төлей алады.
2024 жылдың 2 сәуірінен бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар жіберіледі.
1 АЕК-тен (3 450 теңге) асатын берешек сомалары үшін хабарлама жеткізілгеннен кейін 30 жұмыс күні ішінде жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық тапсырмасы автоматты түрде қалыптастырылады және борышкерге жіберіледі.
Берешек төленбеген жағдайда, жеткізілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде салық бұйрығы мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларына беріледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық