Көлік салығы жеңілдігі қашан басталып, қандай көліктерге арналады
Фото: Айқын
Салық жеңілдігі қашан және қандай көліктер үшін жұмыс стей бастайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Статистика көрсеткендей, елiмiздiң автопаркiнiң жартысынан астамы осы жеңілдікті пайдалана алады. Әңгіме 11 жылдан асқан көліктер туралы болып отыр.
Бастысы жаңартылған Салық кодексінің жобасы мәжілісте мақұлданып, сенатқа жөнелтілді.
Шыққанына 11-20 жыл аралығындағы жеңіл көліктер үшін 30 пайыздық және ескі көліктер үшін 50 пайыздық салық жеңілдігін бекітетін норма құжатта қалды.
Енді оны сенаторлар қарап, президент қол қойса, халықтың бір жүгі болса да жеңілдеп қалатыны белгілі.
Жеңілдік қашан қолданыла бастайды
Кодекс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. Сол кезден бастап жеңілдіктер қолданыла бастайды. Мысалы, 2026 жылдың ақпанында ескі автокөлікті сатқан жағдайда, оның иесіне салықты 2025 жылға дейін ескі мөлшерлеме бойынша (егер ол төленбесе), ал 2026 жылы иелену уақытында жаңа, төмендетілген мөлшерлеме бойынша төлеу қажет болады.
Қанша автомобиль салық жеңілдігін ала алады
ҚР Ұлттық статистика бюросының есебіне сәйкес, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 6 175 955 көлік құралы тіркелген. Оның ішінде жеңіл көліктер саны - 5 340 301. Сонымен қатар шыққанына 10 жылдан 20 жылғы дейінгі - 1 270 746 және 20 жылдан жоғары - 2 266 099 көлік бар. Барлығын қоссақ - 3 536 845 ескі көлік бар екені белгілі.
Яғни, қазақстандық жеңіл автопарктің жартысынан астамы келесі жылдан бастап салықтық жеңілдікке сенім арта алады.
2026 жылға қарай тағы бір жыл қосылуына байланысты ескі көлік саны артуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық