Қазақстанда «байлық салығы» қандай мүлікке салынады
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанда жаңа Салық кодексінде «байлық салығы» деген бөлек ұғым жоқ, бірақ қымбат мүлік түрлеріне салынатын салықтар қарастырылған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті еске салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Хабарламада келесі мүлік түрлері көрсетілген:
- Автокөлік құралдары, құны 18 000 АЕК және одан жоғары — көлік құнының 10%-ы мөлшерінде акциз салынады.
- Яхталар мен ұшақтар, құны 24 000 АЕК және одан жоғары — 10% акциз.
- Алкоголь өнімдері, құны 500 000 теңгеден асатын — литріне 10% акциз.
- Темекі өнімдері (сигаралар), бір дана үшін құны 10 000 теңгеден жоғары — данасына 10% акциз.
- Жылжымайтын мүлік (үй, пәтер және т.б.) — егер бір адамның атына тіркелген мүліктің жиынтық құны 450 млн теңгеден асса, онда мүлік салығы 2% мөлшерінде алынады.
Жылжымайтын мүліктің құны қалай есептеледі?
Мүлік құнын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы есептейді. Комитеттің айтуынша, бұл құн әдетте нарықтық бағадан әлдеқайда төмен болады.
Сонымен қатар, тұрғын және саяжай үй-жайларын бағалау кезінде «байлық коэффициенті» қолданылады, ол бірге тең. Жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) бұл коэффициентті 50%-ға дейін арттыра алады, бұл тұрғын үйдің санатына байланысты жүзеге асады.
Барлық нысандардың жиынтық құны бір адамның атында 450 млн теңгеден асып кетсе, салық жалпы соманың 2%-ы ретінде есептеледі. Бұл ретте:
Минималды салық сомасы – 2 946 600 теңге
Одан асқан сомаға — 2% мөлшерінде қосымша салық салынады.
Егер мүлік құны 450 млн теңгеден аспаса, онда әр мүлікке бөлек салық салынады.Егер салық төлеушіге қай мүлікке, қанша салық төлеу қажет екені түсініксіз болса, Мемлекеттік кірістер органдарына жүгініп, кеңес алған жөн.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық