Көлеңкелі пайдамен күрес: Қаржыгерлер билікке декларациялауды қатаңдатуды ұсынды
Фото: gov.kz
Қазақстанда бақыланбайтын экономиканың көлемі 136,7 триллион теңгеге жетті, бұл елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен алтыдан бір бөлігі, деп хабарлайды Orda.kz.
Halyk Finance сарапшылары өздерінің жаңа шолуында түсіндіргендей, бақыланбайтын экономика дегеніміз — ресми есептерде қамтылмайтын барлық өндірістік қызмет түрлері. Бұл көлеңкелі бизнестің бір бөлігі — тікелей заңсыз қызмет болса, қалғаны — бейресми қызмет. Мысалы, кәсіпкерлер кірістерінің бір бөлігін декларацияламай, қызметкерлерді ресми тіркемей жұмысқа қабылдайды немесе тиісті лицензия алмай-ақ қызмет бастайды. Мұның барлығы «көлеңкелі аймақтың» бір бөлігі екені рас.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда бақыланбайтын экономиканың үлесі төмендеп келеді. 2024 жылы ол 0,87 пайызға қысқарған. Алайда заңсыз бөлігінің үлесі 1,12 пайыздан 1,18 пайызға дейін өскен. Көлеңкелі экономиканың ең үлкен бөлігі сауда саласында — жалпы ішкі өнімнің 2,97 пайызы.
Одан кейін құрылыс саласы — 2,07 пайыз, денсаулық сақтау — 2 пайыз және ауыл шаруашылығы — 1,73 пайыз. Заңсыз экономика ауыл шаруашылығында, өңдеуші өнеркәсіпте, сауда және қызмет көрсету салаларында кездеседі.
«Денсаулық сақтау саласына ерекше назар аудару қажет, мұнда бақыланбайтын экономиканың жалпы ішкі өнімдегі үлесі екі есе артқан. Ал басқа бір әлеуметтік маңызды сала — білім беру саласында 2017 жылдан бері ешқандай елеулі ілгерілеу байқалмайды», — дейді Halyk Finance компаниясының аға сарапшысы Арсылан Аронов.
Елдегі ең көлеңкелі аймақтар — Алматы қаласы (мұнда экономиканың 3,92 пайызы көлеңкелі секторда), Астана қаласы (2,07 пайыз) және Қарағанды облысы (1,05 пайыз). Бұған себеп — мегаполистерде ішкі сауда қатты шоғырланған. Сонымен қатар құрылыс жобалары көп, демек, оларға қатысты заңбұзушылықтар да жиі кездеседі.
Halyk Finance сарапшыларының айтуынша, елдегі бақыланбайтын экономика жағдайы жақсарып келеді, бірақ бизнесті көлеңкеден шығару үшін батыл әрі кешенді шаралар қажет. Сарапшылардың пікірінше, ең алдымен жаппай декларациялауға қатысты реформаны соңына дейін жеткізу керек.
«Қазақстанда бақыланбайтын және көлеңкелі экономика деңгейін тиімді төмендету үшін цифрландыруды, бақылауды күшейтуді және заманауи технологияларды қолдануды қамтитын кешенді стратегияны іске асыру қажет. Мұндай қызметпен күресте басты құрал ретінде жаппай декларациялау қарастырылған еді. Алайда осы реформаның қорытынды кезеңі кейінге шегерілді. Біздің ойымызша, бұл шешім даулы салдарға әкелуі мүмкін. Егер ел азаматтарының бір бөлігі табысы мен мүлкін міндетті түрде декларациялайтын болса, ал екінші бөлігі — жоқ, онда бұл жағдай бейресми әрекеттерге ынталандырушы факторға айналады. Ал көлеңкелі және бақыланбайтын экономикамен күресу — жаппай декларациялау реформасының басты мақсаты болып табылады», — деп атап өтті Арсылан Аронов.
Қаржыгерлер ұсынған басқа шаралар қатарында барлық қызметтер мен төлемдерді толық цифрландыру, шағын бизнеске банктік эквайрингті жаппай енгізу және мемлекеттік сатып алу саласында цифрлық теңгені қолдану бар.
Бұған дейін де басқа сарапшылар Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың айтарлықтай үлесіне назар аударған болатын. Елдегі көптеген мәмілелердің «көлеңкеде» қалатынын банкоматтар арқылы ақша шешу көлемінің жоғары болуымен де байланыстырады.
Еске сала кетсек, біз қазақстандықтар ақшаны депозитке емес, банк карталарында сақтағаны үшін қаражат жоғалтып, ал банктер, керісінше, осы арқылы пайда табатыны туралы экономист Ғалым Хусаиновтың пікірін бердік.
Қазақстандықтар 2024 жылдың басынан салық органдарына (250.00 нысаны) декларация тапсыру қажеттігі туралы SMS-хабарламалар ала бастады. 2024 жылдан бері декларацияны заңды тұлғалардың (ЖШС, АҚ және т.б.) басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкер болған жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруы тиіс.
Еске салсақ, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.
Бірінші кезең бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 580 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары «кіру» декларациясын тапсырды.
Екінші кезеңде, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың шамамен 2,1 млн. қызметкері, сондай-ақ олардың жұбайлары табыс етті.
Үшінші кезеңде, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны шамамен 3,9 млн. жеке тұлғалар тапсырады – олар заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары.
Төртінші кезеңде, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаттары табыс етеді (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар). Жалпы 6,4 млн жеке тұлға қамтылады деп жоспарлануда.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне шамамен 13 млн. адам енеді деп күтілуде.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт