Ақшасын банк карталарында сақтаған халық қаражат жоғалтады
Қазақстандықтар ақшаны депозитке емес, банк карталарында сақтағаны үшін қаражат жоғалтады. Ал банктер, керісінше, осы арқылы пайда табады. Мұндай пікірді экономист Ғалым Хусаинов айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Өзінің осындай есептеулерімен Ғалым Хусаинов авторлық Telegram-арнасында бөлісті. Оның айтуынша, карточкалық шоттарға пайыз есептелмегендіктен, әрбір клиент ай сайын орта есеппен екі-үш мың теңге жоғалтады. Бұл сома аз сияқты көрінуі мүмкін, бірақ ел ауқымында қарастырсақ, көрсеткіш мүлдем басқа деңгейге шығады.
Экономистің айтуынша, қазақстандықтардың көпшілігі күнделікті шығындарға арнап банк карталарында едәуір қаражат ұстайды. Бұл қаражатты депозитке салып, кем дегенде инфляцияның өсуін пайыздық табыспен өтеп отыруға болар еді. Бірақ клиенттердің басым бөлігі бұлай істемейді, өйткені әрбір төлем үшін ақша аударып отыру — қолайсыз.
«Жеке тұлғалар шамамен 2,2 триллион теңгені ағымдағы шоттарда ұстайды, ал ағымдағы шоттардың барлығы дерлік — бұл банк карталары. Елде шамамен 10 миллион белсенді карточкалық шот бар, яғни әр картаға орта есеппен 220 мың теңгеден келеді. Біреулер бірнеше миллион теңге ұстаса, басқаларында бірнеше мың теңге ғана бар, бірақ орташа есеп — 220 мың теңге. Осы қаржыдан адам жылына шамамен 15 пайыз жоғалтады, бұл — жылына 33 мың теңге, айына 2750 теңге немесе күніне 92 теңге. 92 теңге үшін ешкім күнде ақша аударумен айналыспайды. Біреулер бұған мән бермеген, біреулер сома аз деп есептейді, енді біреулер — бұл ыңғайлылық үшін төлем деп санайды, ал кейбіреулерде қаржылық сауаттылық жетіспейді», — деп атап өтті Ғалым Хусаинов.
Экономистің есептеуі бойынша, осы 2,2 триллион теңге көлеміндегі өтімділік есебінен банктер шамамен 330 миллиард теңге табыс табады, бұл — банктердің жалпы табысының шамамен 10 пайызы. Айта кетерлігі, бұл қаражаттың негізгі бөлігі төрт-бес ірі банкте шоғырланған.
«Егер біреулер бұл шығынды кэшбэкпен жабуға болады деп ойласа, онда қатты қателеседі, өйткені банктер жалпы алғанда мұндай сома төлемейді. Кэшбэктердің бір бөлігі интерчейндж (қолма-қол емес төлемдер үшін алынатын банктер арасындағы комиссия) есебінен, бір бөлігі серіктестер есебінен, ал тағы бір бөлігі халықаралық төлем жүйелерінің маркетингтік бюджеті есебінен жабылады», — дейді Хусаинов.
Бұрыедары бұлай болмаған. 2019 жылға дейін кейбір банктер карточкалық шоттарға пайыз есептейтін, сондықтан қазақстандықтар карталарында ұстап отырған ақшадан аз да болса табыс көретін. Қазір жағдай керісінше. Және бұл үрдіс әлі де ұзақ сақталуы мүмкін, себебі Ұлттық банктің ақша-несие саясаты қаржы ұйымдарына тиімді болып отыр.
«Базалық мөлшерлеме қаншалықты жоғары болса, банктер соғұрлым көбірек табыс табады. Өкінішке қарай, мұндай жағдай әлі ұзақ сақталуы мүмкін. Банктер секторының, әсіресе негізгі клиенттердің ақшасы шоғырланған ірі банктердің жоғары табыстылығының табиғаты — реттеуші арбитражда жатыр. Бұл туралы мен бұрын да бірнеше рет жазғанмын», — дейді Ғалым Хусаинов.
Бұған дейін біз Қазақстан Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктерді жеке тұлғаларға емес, кәсіпкерлікке көбірек несие беруге ынталандыруға тырысып жатқанын жазған болатынбыз. Осы мақсатта елде қарыз алушыларға қойылатын талаптар күшейтіліп, қаржы ұйымдары үшін корпоративтік табыс салығын есептеу ережелері қайта қаралуда.
Шілде айында теңге ресми есеп бойынша долларға қатысты 4 пайызға арзандады. Ұлттық банк «отқа су сепкендей» 125 миллион доллар көлемінде валюта интервенциясын жасады.
Қазақстанның банк секторында биылғы жаз екі үлкен жаңалықпен есте қалады. Біріншісі – Kaspi.kz иесі Вячеслав Ким бұрынғы «Жусан» банкін сатып алып, жақында «Алатау сити банк» деп атауын өзгертті.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт