Декларация тапсыру керек: қазақстандықтар салық басқармасынан SMS алды
Фото: Халық үні
Қазақстандықтар салық органдарына (250.00 нысаны) декларация тапсыру қажеттігі туралы SMS-хабарламалар ала бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылғы декларацияны 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша заңды тұлғалардың (ЖШС, АҚ және т.б.) басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкер болған жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруы тиіс.
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге SMS жіберіліп жатқанын растады.
«Иә, шынымен де, мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге 250.00 нысаны бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну қажеттігі туралы SMS хабарламалар жіберуді бастады.
Биылғы жылы декларацияны жеке кәсіпкерлер (ЖК), заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруы тиіс.
«Салық есептілігін тапсыру мерзімінің соңғы күндерінде ақпараттық жүйелерге жүктемені болдырмау үшін аталған тұлғаларды декларацияларын мерзімінен бұрын тапсыруға шақырамыз» деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Хабарламалар басқа ресурстар арқылы да жіберіледі: салық төлеушінің шоты, банктердің мобильді қосымшалары.
Биылғы жылы жеке тұлғалар үшін қағаз және электронды түрде декларация тапсырудың бірыңғай мерзімі белгіленді. Оны 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей беруге болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық