Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Фото: Ашық дереккөзден
Алматыдағы соңғы екі тәулікте төпеп жауған қар қала жолдарындағы жағдайды қиындатты. Бір тәуліктің ішінде 62 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 28-і зардап шекті, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев жүргізушілерді ауа райы жағдайларын ескеріп, қауіпсіз жылдамдықпен жүруге шақырды.
«Қар жаууы мен көрінудің нашарлауы жүргізушілерден жоғары зейін мен жолдағы тәртіпті талап етеді. Біз автокөлік жүргізушілерін жылдамдық режимін қатаң сақтауға, арақашықтықты ұлғайтуға және қауіпті қозғалыстан аулақ болуға шақырамыз. Әсіресе жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет», – деді ол.
Сонымен қатар ол Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, қаланың коммуналдық қызметтеріне көмек көрсетіп жатқанын да айта кетті.
«Жолдағы қауіпсіздік көп жағдайда әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты. Қар жауған кезде жол қозғалысы ережелерін сақтау және өзара құрмет көрсету аса маңызды», – деп атап өтті Серік Шумаев.
Департаментте ауа райы нашарлаған жағдайда жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтап, мүмкіндігінше қажетсіз алыс сапарлардан бас тарту керектігін еске салды.
Еске салсақ, 24 ақпанда Алматы қаласында түні бойы қар тоқтаусыз жауып, қалаға 17 см қалың қар түскен болатын.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық