«Кішкентай әсіреұлтшылдар өсіп келеді»: Қазақша сөйлеген балаға тіл тигізген сатушыға қатысты шара қолданылады
Фото: Orda.kz
Астанада қазақша сөйлеген алты жасар балаға қоқан-лоқы көрсеткен дүкенде тексеріліс жүргізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Астанада қазақша сөйлеген алты жасар балаға сатушы қоқан-лоқы көрсеткені жайлы журналист Кәмшат Тасболат Facebook-парақшасында жазды. Журналист пен алты жасар қызы Астанадағы Envy дүкеніне велосипед іздеп барған. Қыз сатушыдан велосипед бағасын қазақша айтуды сұраған. Сатушы қазақша сұраған балаға дөрекі жауап қайтарып, «кішкентай әсіреұлтшылдар өсіп келеді» деп сөйлеген.

«Таяқ жейсің! Президенттің айтқанын естімедің бе, сен сияқтыларды жазалайды!» — деген сатушы.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың «Мына тілде сөйле» деп мәжбүрлеуге болмайды деп айтып, заң жүзінде жазаланатынын еске салды.
Кейін Facebook парақшасынан жазба жойылып, журналист «Мен бұлардан түңілдім» деген хабарлама қалдырады. Оқырманның «жазбаны неге өшірдіңіз?» деген сұрағына Кәмшат Тасболат «цензура» деп жауап қалдырды.

Астана қалалық Тіл Басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп журналиске хабарласып, заң бұзған дүкенге қандай шаралар қолданғанын жеткізді.
- Дүкеннің маңдайшасы да мемлекеттік тілде ақпарат болмаған соң, алынып тасталды;
- Дүкен ішіндегі кассалық чектерін де мемлекеттік тілге ауыстыру талап етілді.
Тіл басқармасының айыппұл салуға құзыреті болмағандықтан, айыппұл салынбады. Дөрекілік танытқан сатушы кінәсін мойындап, кешірім сұрағысы келген.
«Магнумның курьері мен тапсырыс берушісі сияқты «құшақтасып» табысқым келмеген соң, рахмет дедім, заң талаптарын орындаса да жеткілікті»
деп жазды журналист.
Еске сала кетейік, қазақта мемлекет болмаған деп Өзбекстандық тарихшы қазақ тарихын жоққа шығарғаны жайлы жазған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық