«Қазақта мемлекет болмаған»: Өзбекстандық тарихшы қазақ тарихын жоққа шығарды
Фото: бейнеден кадр
Өзбекстандық тарихшы қазақтардың «өз мемлекеті ешқашан болмаған» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
SEREDIN YouTube-арнасына өзбекстандық өлкетанушы, тарихшы Борис Голендердің берген сұхбаты жарыққа шықты. Голендер Ташкент тарихын зерттеп, «Мои господа ташкентцы» кітабын шығарған өлкетанушы.
Бір жарым сағатқа созылған сұхбатта Голендер Ташкент қаласының тарихына шолу жасады. Сұхбат кезінде, журналист өлкетанушыға «Ташкент Қазақстанның құрамында болған ба?» деген сұрақ қойды, Голендер болса «олардың өз мемлекеті де болмаған» деп жауап беріп, 560 жылдық Қазақ хандығын жоққа шығарды.
«Қазақстан 1922 жылдан бері бар, яғни 100 жыл болды. Осы 100 жылдың ішінде Қазақстанда төрт астана болды. Бірінші астанасы — Орынбор қаласы, ол мүлде қазақтың қаласы емес. Екінші астанасы — Қызылорда. Негізінде бұл қала — Перовск, оны орыстар салған, ол жерде қазақтар болмаған. Үшінші қала — Алматы, нақтырақ айтсақ — Верный. Бұл — казактардың Жетісу казак әскери округінің орталығы болған, оны тауда генерал Колпаковский салған. Ал төртінші — Ақмола қаласы, кейін Целиноград. Яғни, қазақтардың өз қалалары болмаған. Бұл нені білдіреді? Демек, олардың өз мемлекеті де болмаған. Қазір «қазақ хандары болған» деп айтылып жүргеннің бәрі — жалған», — деді Борис Голендер.
Голендер қазақтарды бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүретін, жерлері жоқ, отар болған халық ретінде сипаттайды.
«Солтүстік қазақтарға жоңғарлар шабуыл жасағанда, бұл XVIII ғасырдың басы. Олар Ресейге бет алып, Ресейдің отарлығына өтті. Олар Анна Иоанна патшайымға барып, отар ел болуды сұранды. Бұл — XVIII ғасырдың басы. Ресей оларды қабылдады. Бірақ көп ұзамай бұл отар болған елдің ешбір жерді бақылай алмайтыны белгілі болды. Өйткені олардың жері жоқ, өздері көшпенді. Патшайым «біз кімдерді қосып алдық?» деп бұған таңғалған еді», — дейді тарихшы.
Сондай ақ, тарихшы Голендер тек XVII ғасырдың соңында ғана біріккен жас ұлт болған соң, қазақтардың Ташкентке ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.
«Одан бөлек, 1922 жылы құрылғанда Қазақстан Республикасы қалай аталды? Ресми атауы — Қырғыз автономиялық социалистік кеңестік республикасы, және ол РСФСР құрамына кірген. Тіпті олардың өз атауы да соңғы жүз жылда өзгерді — сонда бұл қалайша көне халық бола алады? Қайдағы көне халық? Қалалары да болмаған. Қазақтар — жас ұлт, халық ретінде тек XVII ғасырдың соңында ғана бірікті. Сол уақытта Ташкент атақты, ұлы қала болған. Бұл жерде қазақтардың қандай қатысы бар?», — деді Борис Голендер.
Еске сала кетсек, Кенесары үшін кешірім сұраған қырғыз әншісіне сот үкімі шығып, қомақты айыппұл салынған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық