«Мына тілде сөйле» деп мәжбүрлеуге болмайды – Тоқаев
Фото: Ақорда
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Сессия барысында президент азаматтардың бір-бірін қандай да бір тілде сөйлеуге мәжбүрлеуге болмайтынын айтты. Сондай-ақ ол ел ішіне іріткі салуға тырысқандар заң алдында қатаң жауап беретінін еске салды.
Президенттің айтуынша, бүгінде мектеп бітіруші түлектердің 80 пайызға жуығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді мемлекеттік тілде тапсырады. Ал биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын балалардың 70 пайыздан астамы қазақ тілінде білім алады.
Сонымен қатар, Тоқаев елімізде азаматтардың бір-бірін белгілі бір тілде сөйлеуге мәжбүрлеуге болмайтынын атап өтті. Оның пікірінше, тіл мәселесін желеу етіп, қоғамда алауыздық тудыруға бағытталған кез келген әрекетке заң шеңберінде тосқауыл қойылады. Бұл тек ел ішінде емес, шетелде отырып, түрлі ұйымдардың тапсырмаларын орындайтын арандатушыларға да қатысты.
«Елімізде азаматтар бір-бірін немесе мінберде сөйлеп тұрған адамды «мына тілде сөйле» деп мәжбүрлемеуі тиіс. Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетін, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылып, заң жүзінде жазаланады. Бұл ретте үй ішіндегі ғана емес, шетелде отырып әлдебір ұйымдардың ақшасы мен тапсырмасына деструктивті әрекетпен айналысатын арандатушылар туралы да айтып отырмыз», — деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Ұлттық құрылтай отырысында ел бірлігі, отаншылдық, тәуелсіздік және келісімнің маңызды құндылықтар екенін атап өтті. Ол бұл құндылықтардан ауытқитын әрекеттерге қарсы тұрып, заң шеңберінде жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ұлт бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлес қосқан азаматтар әрдайым құрметке лайықты болатынын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық