«Киімін шешіп, еденге жатты»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті тергеуге қайта келмеді
Фото: Ақорда
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль соттың бірнеше айыптау бойынша жауап алуға шақырғанына қарамастан, бұл жолы да келмеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеушілердің мәліметінше, 1 тамыз күні Юн Сок Ёль тергеу изоляторында киімін шешіп, еденге жатып алған. Осылайша ол тергеуге барудан бас тартқанын білдірген.
Жаңа президент Ли Чжэ Мён тағайындаған тергеу тобы оны мәжбүрлеп жеткізуге рұқсат алды. Мемлекет басшысы экс-президенттің әрекеті қоғамның жіті бақылауында екенін айтып, алдағы уақытта қатаң шара қолданылатынын ескертті.
Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанда Юн Сок Ёль елде әскери жағдай жариялаған. Қаңтар айында ол қамауға алынды. Бұл — Оңтүстік Корея тарихында мемлекет басшысының тұңғыш рет тұтқындалған оқиғасы. Ол 15 қаңтарда ұсталып, 16 қаңтарда жауап алудың екінші кезеңіне қатысудан бас тартқан болатын. Тергеу аясында Юн Сок Ёльдің жұбайы да күдікті ретінде танылды.
Конституциялық сот экс-президентке импичмент жариялау туралы шешімді бекіткеннен кейін екі айдан соң елде кезектен тыс сайлау өтті. Сайлауда «Тобуро» демократиялық партиясының өкілі, 61 жастағы Ли Чжэ Мён жеңіске жетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық