Оңтүстік Корея президенті жауап алуға келмейтінін мәлімдеді
Фото: Ақорда
Қамауға алынған Оңтүстік Корея президенті жауап алуға келмейді екен. Бұл туралы оның адвокаты айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль ел тарихында қамауға алынған алғашқы мемлекет басшысы. Ол 15 қаңтар күні ұсталды. Бүгін, 16 қаңтар күні президент жауап алудың екінші күніне қатысудан бас тартты.
Оның адвокаты Юн Каб Кун президенттің денсаулық жағдайына байланысты жауап алуға келуді жоспарламайтынын айтты.
«Ол қазірдің өзінде өзінің ұстанымы туралы толық түсініктеме берді. Президент тергеу әрекеттерін жалғастырудың керегі жоқтығын айтты», – деді адвокат.
Жоғары лауазымды шенеуніктерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро кеңсесінде 10 сағаттан астам уақытқа созылған жауап алудың бірінші күнінде президент ынтымақтастықтан толығымен бас тартты және тергеушілердің сұрақтарына бірде-бір жауап бермеді. Президент ұсталғаннан кейін, Сеулдің оқшаулау орталығына орналастырылды.
Енді сот қамауға алудың заңды болғандығын тексереді. Бұл заңдылық туралы шешім өтініш берілген сәттен бастап 48 сағат ішінде қабылданады. Егер сот қамауға алуды заңсыз деп тапса, президент қайта босатылуы мүмкін. Сондықтан ол қазіргі уақытта сот шешімін күтіп, камерада отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық