Келісімшартқа қол қойылды: Михаил Шайдоровқа қатысты мәселе қалай шешілді?
Фото: ҰОК
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың келісімшартына қатысты қоғамда туындаған дауға түсініктеме берді. Министрлік мәліметінше, спортшының жаңа келісімшартына қол қойылып, барлық қаржылық міндеттемелер толық көлемде орындалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Вице-министр Михаил Шайдоровты қазақстандық спорттың мақтанышы деп атап, оның халықаралық аренадағы жетістіктері ел үшін маңызды екенін айтты.
«Михаил Шайдоров – отандық спорттың мақтанышы, өз есімін ел спортының тарихына алтын әріптермен жазған саңлақ. Біз оны әрдайым қолдаймыз және халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп, биік жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз», – деді Серік Жарасбаев.
Министрлік өкілінің айтуынша, қоғамда кеңінен талқыланған келісімшарт мәселесі бойынша тараптар ортақ келісімге келген.
«Бүгінгі күні келісімшарт Шайдоровтың командасына жолданып, оған қол қойылды. Қол қою рәсімінің барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өтті. Тараптар келісімшарттың барлық тармағын жан-жақты талқылады. Құжатқа қол қойылғаннан кейін министрлік оны жұмыс тәртібімен қабылдады», – деді вице-министр.
Жарасбаевтың сөзінше, келісімшартта көзделген барлық төлемдер алдағы уақытта толық көлемде жүргізіледі.
Сондай-ақ министрлік Михаил Шайдоровтың 5 маусым күні жаңа маусымға дайындық үшін АҚШ-қа аттанатынын хабарлады.
Бұдан бөлек, алдағы күндері спортшы өз командасымен бірге Туризм және спорт министрлігіне барып, келесі Олимпиада ойындарына дайындық мәселелерін талқылайды. Кездесу барысында мәнерлеп сырғанауды дамыту және ұлттық құраманың болашақ жоспарлары да қаралады.
Еске салайық, бұған дейін Михаил Шайдоров жалақысының бірнеше айдан бері төленбей жатқанын айтып, келісімшарттағы кейбір тармақтарға қатысты сұрақтар туындағанын мәлімдеген еді.
Оқи отырыңыз:
Шонжыдағы сұмдық: Жоғалған жігіттің мәйіті көміп тастаған жерінен табылды
Жасөспірімді ұрды деген шағымнан кейін Арман Шораевқа іздеу жарияланды
Жаңалықтар
- Алматы маңында пластик бұйымдарын шығаратын цех өртенді
- Венесуэланың уақытша президенті АҚШ-пен мұнай келісімі арқылы табысқа кенелетіндерін мәлімдеді
- Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көлігі жиналды: Не болып жатыр?
- Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты орынсыз пікірлер буллингке ұласып бара жатыр
- Пентагон басшысы 2028 жылғы президент сайлауына түсуі мүмкін деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтбаев ««Бернлидің» негізгі құрамында да үздік ойыншы атанды
- «Стик бермесең өлтіремін»: Астанадағы сауда орталығында пышақ ұстаған жігіт жұртты шулатты
- Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды: Депутаттардың жұмысын осы жерден бақылауға болады
- Бірінші сыныпқа 380 мың оқушы барады: Мектептер оларды қабылдауға дайын ба?
- Алматыда самокат мінген ер адам бордюрге соғылып, қаза тапты
- БАҚ: АҚШ Мәскеуге Трамп, Путин және Зеленскийдің саммитін өткізуді ұсынды
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады