Жасөспірімді ұрды деген шағымнан кейін Арман Шораевқа іздеу жарияланды
Фото: Ашық дереккөздерден
Әлеуметтік желілерде Қосшы қалалық полициясы кезекші бөлімінде түсірілген видео тарады. Видео авторы ақпараттық тақтаны көрсеткен кезде құжаттардың арасынан белгілі журналист әрі қоғам қайраткері Арман Шораевқа қатысты бағдарды байқаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Іздеу парағын Көкшетау қалалық полиция басқармасы жасаған. Құжатта кәмелетке толмаған жасөспірімге дене жарақатын келтіру туралы арыз бойынша тексеру аясында Арман Шораевты полицияға жеткізу қажеттігі көрсетілген.
Ведомство мәліметінше, 24 мамыр күні полицияға Көкшетау тұрғынынан арыз түскен.
«Аталған арыз бойынша бастапқы процессуалдық әрекет аясында өтініште көрсетілген азаматты жеткізу жөнінде жеке құрамға бағдар берілді», деп хабарлады полиция.
Полиция департаментінің мәліметінше, сол күні Арман Шораев өз еркімен полиция басқармасына келген.
«Оның қатысуымен Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қажетті процессуалдық әрекеттер мен тексеру шаралары жүргізілді. Осыған байланысты азаматты жеткізу туралы бағдар өзектілігін жоғалтты», деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Осылайша, полиция мәліметіне сәйкес, бағдар тек арыз бойынша бастапқы тексеру жүргізу үшін жарияланған және қазіргі уақытта күшін жойған.
Журналист әрі қоғам қайраткері Арман Шораев бұл жағдайға әзірге пікір білдірген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы Ақорданы аралады
Қазақстан мен Қырғызстан полицейлері Шымкенттегі есірткі трафигінің жолын кесті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық