ҚазТАГ агенттігінің басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалды
Фото: ҚазТАГ
ҚазТАГ редакциясы агенттікке қарсы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Orda.kz.
Журналистердің айтуынша, іс ақпараттық агенттіктің басшылығына қатысты тіркелген. Freedom Finance мәлімдемесіне сәйкес, бас директор Әсет Матаев пен бас редактор Әміре Қасенов күдікті деп танылған.
Агенттік өкілдері «Матаев пен Қасеновті күдікті деп тану — құқықтық талаптарды елемеу» екенін айтты. Олардың сөзінше, «адамды оның қатысуынсыз күдікті деп тану үшін тергеуден қасақана жалтаруы керек, ал Матаев пен Қасенов тергеу шараларынан бой тасаламаған».
Редакция қылмыстық іс туралы 20 қарашада ғана басқа ақпарат құралдарынан білген. Іс тамыздың 18-інде қозғалған.
Журналистердің айтуынша, полиция бірнеше ай бойы істі редакциядан жасырған және «редакцияны хабардар етпей, белгіленген рәсімдерді бұзып бірнеше сараптама жүргізген».
Айта кетейік, адвокат Мұрат Адамның айтуынша, «Орда» сайтының негізін қалаған Гүлнәр Бажкенованы үйқамаққа қамау туралы үкім оның сотта өз мүддесін қорғауына кедергі келтіріп отыр.
Еске сала кетсек, құқық қорғаушы Галым Агелеуов «Дождь» телеарнасында Orda.kz жайлы сөз сөйледі. Ол Қазақстанда журналистерге еркіндік жоқ екенін атап өтіп, Гүлнәр Бажкеноваға қарсы қозғалған істердің саяси тапсырыс екенін ашық айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық