9 рет пышақ сұққан: 12 жастағы баланы қатыгездікпен өлтірген, марқұмның анасы оқиға қалай болғанын айтып берді
Фото: Orda.kz
Алматыда қаза тапқан 12 жастағы Абылайдың жақындары мен отбасы, достары оның қандай бала болғанын және қайғылы оқиға алдындағы жайттарды айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұмның отбасымен көп жылдан бері араласып келе жатқан Екатерина Моисеенконың айтуынша, Абылай сабырлы, ешкімге зияны жоқ бала болған.
«Абылай өте мейірімді бала еді. Ешқашан жанжалға араласпайтын. Барлығын әзілге айналдырып жүретін. Оны ашуландыру өте қиын болатын. Біреу ренжітсе де күліп кетіп қалатын. Үйден шығарда “қазір жатақханаға барып келемін” деді. Біз оған мән бермедік. Балалар үнемі бірге ойнап, араласып жүреді ғой. Сол кеткеннен үйге оралмады», — дейді ол.
Жақындарының айтуынша, қайғылы оқиға болған күні Абылайды әскери қызметкерлер тұратын жатақханаға шақырған. Оның сөзінше, оқиғадан кейін ол Абылайдың телефонын өзі тексерген.
«Телефонын өз қолыммен қарап шықтым. Instagram, TikTok, WhatsApp — бәрін тексердім. Ешқандай хат-хабар да, қоңырау да болған жоқ. Сондықтан қандай жазысқан хаттар туралы айтылып жатқанын түсінбеймін», — деді ол.
Жақындарының айтуынша, шабуыл жатақхана дәлізінде болған.
«Абылайды үйінен шақырып алып, бірге жатаханаға барған, сол жерде пышақтап тастаған. Марқұм айхайлап көмек шақырмай 12 минут қансырап жатқан.», — дейді оқиға туралы айтқан әйел.
Оның мәліметінше, Абылайдың денесіне тоғыз жерден пышақ жарақаты салынған: біреуі ішіне, қалған сегізі кеуде қуысына тиген. Оқиға кезінде тағы бір жасөспірімнің болғаны айтылады. Ол күдіктімен бірге Абылайды сол жерге шақырғандардың бірі болған.
«Ол бәрін көрген. Бірақ көмек шақырмаған, айқайламаған. Қорқып, қашып кеткен. Ата-анасы оқиға орнына жеткенде жағдайдың мүлде басқаша екенін көрген», — дейді Екатерина Моисеенко.
Жақындарының сөзінше, алғашында туыстарына телефон шалып, Абылайды көлік қағып кеткенін айтқан. Сондай-ақ оның айтуынша, жедел жәрдемді жатақхана маңынан өтіп бара жатқан ер адам шақырған. Ол жараланған баланы көріп қалған.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған қылмысты жасады деген күдікпен Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бір-бірін бұрыннан таныған.
«10 маусымда Алматы қаласының Түрксіб ауданында пышақ жарақатын алған 12 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Тергеудің бастапқы деректеріне сәйкес, қайғылы оқиға кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал барысында орын алған. Қазіргі уақытта күдікті арнайы мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде», деп хабарлады полиция департаменті.
Сонымен қатар, тергеу нәтижелері бойынша баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін күдіктінің ата-анасының жауапкершілігі мәселесі заңнама талаптарына сәйкес қаралатын болады.
Марқұмның туыстары мен жергілікті тұрғындардың айтуынша, күдікті жасөспірім бұған дейін құқыққа қайшы әрекеттері үшін полицияның есебінде тұрған болуы мүмкін. Сондай-ақ олардың сөзінше, ол аудан тұрғындарына бұзақы мінезімен белгілі болған. Алайда бұл ақпаратты құқық қорғау органдары әзірге ресми түрде растаған жоқ.
Марқұмның туыстары күдіктінің анасы әскери бөлімдердің бірінде есепші болып жұмыс істейтінін айтады. Балалардың арасында бұрыннан түсініспеушілік болған екен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық