Қазақстанның оңтүстігіне әскери дрон құлады
Фото: gov.kz
Қорғаныс министрлігі Қазақстанның оңтүстігінде әскери ұшқышсыз ұшу аппаратының құлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«2 маусым күні ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында Жамбыл облысы Талас ауданы аумағына штаттан тыс қонды» деп жазылған хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Халыққа және инфрақұрылым нысандарына қауіп төнбеген.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Қазіргі уақытта құлау аумағын тексеру және себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған ANKA ұшқышсыз аппараттарын шығаратын бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды.
ANKA — Түркияның Turkish Aerospace Industries компаниясы жасаған барлау, бақылау және соққы жасауға арналған дрон. Ол 2013 жылдан бері қолданыста.Түркия бұл ұшқышсыз аппараттарды Таяу Шығыс, Азия және Африка елдеріне экспорттап келеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық