Қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жетістіктері
Фото: DRSQazaqstan
Қазақстан дзюдодан Ордос қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады. Жарыс бағдарламасының соңғы күні аралас командалар арасында сайыс өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Финалда Қазақстан құрамасы Моңғолиямен кездесті. Қарсылас команда 4:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде Дана Әбдірова (57 келіге дейін), Әнуар Жұмагелдин (73 келіге дейін), Аида Тойшыбекова (70 келіден жоғары) және Ғалымжан Қырықбай (90 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін алты жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Әділет Алмат (81 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған болатын. Ал Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аруна Жангельдина (78 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасының дзюдошысы Аруна Жангельдина Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші орын үшін өткен белдесуде жеңіске жетті.
78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы қола жүлде үшін Тайбэй өкілі Ван Цзесимен белдесті. Негізгі уақыт ұпайсыз аяқталды. Кейін қарсыласы үшінші рет ескерту алып, соның нәтижесінде Жангельдина жеңімпаз атанды.
Қазақстандық дзюдошы Айдар Арапов Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Спортшы 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Арапов Қырғызстан өкілі Эрлан Шеровты жеңді.
Қазақстандық таеквондошы Әділет Шері Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.
Ол бұл кезеңде Тунис өкілі Малек Макронимен кездесіп, қарсыласына жол берді. Осылайша Әділет Шері әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық