Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
Фото: qazsporttv.kz
Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында Азия чемпионатының екінші күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Orda.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеп.
Әділет Алмат финалда 81 келідегі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп кетті.
Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен сары құрлықтың додасында топ жарған еді.
Әділет Алматтың бұл Азия чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атағына да қол жеткізген болатын.
Жарыстағы жолы:
- 1/8 финал. Шыңғысхан Сағыналиев (Қырғызстан)
- 1/4 финал. Абылайхан Жұбаназар (Қазақстан)
- 1/2 финал. Бехрузи Хожазода (Тәжікстан)
Ол былтыр дзюдодан Испанияның Ла Нусия қаласында өткен Еуропаның ашық кубогында чемпион атанған болатын.
Отандасымыз ол кезде 81 келіде белдесіп, турнир барысында 6 кездесу өткізді. Ол алғашқы белдесуінде германиялық Томас Петерден, 1/16 финалда Наик Херковичтен, 1/8 финалда болгар балуаны Христо Валковтан басым түсті. Ал ширек финалда Бразилия дзюдошысы Энзо Тромбинидің осал тұсын таба білді. Жартылай финалда испан спортшысы Жорге Кано Гарсиядан айласын асырса, финалда неміс балуаны Тимо Кавелиусты қапы қалдырды.
Оқи отырыңыз:
- 2026 жылы қандай спорт нысандары салынады: «Медеу» жөнделіп жатыр
- Спортшыларымыз алғашқы тоқсанда елге 200 медаль әкелді
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық