Қазақстандық күштік құрылымдар UAE SWAT Challenge турнирінің алғашқы күнін жеңіспен аяқтады
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі
Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімдерінен құралған командалар Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан халықаралық UAE SWAT Challenge турнирінің алғашқы жарыс күнінде табысты өнер көрсетті. Әлемнің 48 елінен келген күштік құрылымдардың 109 арнайы бөлім командасы қатысқан додада Қазақстанның барлық төрт командасы үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Orda.kz.
Турнир кестесінде Kazakhstan C командасы көш бастады. Kazakhstan D командасы екінші орынға жайғасты. Kazakhstan B төртінші орында тұрса, Kazakhstan A командасы алғашқы ондықты түйіндеп, 10-орынға тұрақтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді.
Қазақстанның әйелдер құрамасы Tomiris жалпы есепте 20-орынға ие болып, өз санатында көш бастап тұр.

Қазақстандық күштік құрылым өкілдері елдің біртұтас туы астында әртүрлі командалар құрамында бақ сынауда. Атап айтқанда, турнирге Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің арнайы бөлім қызметкерлері қатысып жатыр.
Айта кетейік, арнайы мақсаттағы бөлімдер арасындағы халықаралық жарыстар жетінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Қазақстан атынан бұл халықаралық спорт алаңына алғаш рет 2019 жылы ІІМ Ұлттық ұланының командасы шыққан. Ал 2023 жылдан бастап Қазақстанның өзге де арнайы бөлімдері белсенді түрде қатыса бастады.
Өткен жылы ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» командасы үш кезеңде жүлделі орындарға ие болып, оның екеуінде алтын медаль жеңіп алды. Жалпы есепте «сұңқарлықтар» турнирдің күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар өзге де қазақстандық күштік құрылым командалары жүлдеден құр қалған жоқ. Мемлекеттік күзет қызметінің Sardar A командасы екінші кезеңде алтын медаль иеленсе, ҚР ҰҚК-нің Arystan Team командасы екі кезеңде үздік үштікке енді.
Ерекше назар Қазақстанды «арнайы жасақ олимпиадасында» алғаш рет таныстырған ҚР ІІМ-нің әйелдер командасы Tomiris құрамасына ауды.
Турнир 11 ақпанда өз мәресіне жетеді.
Оқи отырыңыз:
- Dubai SWAT Challenge: Қазақстан атынан 5 құрама команда бақ сынайды
- «Қытай бас жүлде алды»: Қазақстанның арнайы жасағы Дубайда күміс медаль алды
- Екі террорлық актіге тосқауыл қойылды – Тоқаев
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық