Dubai SWAT Challenge: Қазақстан атынан 5 құрама команда бақ сынайды
Фото: gov.kz мұрағаты
Біріккен Араб Әмірліктерінде әлемдегі ең беделді арнайы жасақтар арасында халықаралық жарыс — Dubai SWAT Challenge басталды. Бұл туралы жарыстың тікелей эфиріне сілтеме жасап, Orda.kz хабарлайды.
Қазақстан мемлекеттік органдары арнайы мақсаттағы бөлімдерінің бес құрама командасы биылғы 7-11 ақпанда Дубайда өтетін UAE SWAT Challenge жарысына қатысып жатыр.
Dubai SWAT Challenge — әлемнің түкпір-түкпірінен келген арнайы мақсаттағы бөлімдер үшін нағыз «арнайы жасақтар Олимпиадасы» саналады. Биылғы сайысқа ондаған елдің үздік күштік құрылымдары қатысады.
Еліміздің команда құрамына ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің арнайы бөлімшелерінің өкілдері кірді, командалардың біріне әйелдер құрамасы кіреді.
«Арнайы жасақ олимпиадасы» деп аталатын элиталық бөлімдердің халықаралық жарыстары БАӘ-де жетінші рет өткізіліп отыр. Ең мықты атақ үшін жүзден астам команда - 49 ел өкілдері бақ сынайды. Қазақстан арнайы бөлім командалары өткен жылдардағы жарыстарда дәстүрлі түрде жүлделі орындарға ие болған.
Биыл Қазақстан атынан 5 құрама команда бақ сынап жатыр. Оның ішінде 4 ерлер командасы (A, B, C, D) мен 1 әйелдер командасы — «Томирис» бар.
Жарыс 4 күнге созылады. Бүгін алғашқы жарыс күні. Қазіргі сәтте аралық нәтижелер бойынша:
- 1-орын және 2-орында — Қазақстан арнайы жасақтары;
- 3-орында — Қытай құрамасы тұр.
Бүгінгі жеребе бойынша қазақстандық командалар келесі нөмірлермен өнер көрсетті: 9, 29, 37, 72, 74 (әйелдер командасы — «Томирис»).
Қазақстан командалары төмендегі арнайы бөлімдердің үздік қызметкерлерінен құралған:
- ҚР ІІМ Жедел әрекет ету арнайы жасағы (СОБР);
- ҚР Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімі;
- ҚР ІІМ «Сұңқар» арнайы мақсаттағы бөлімі;
- ҚР ҰҚК «Арыстан» арнайы мақсаттағы бөлімі;
- ҚР Мемлекеттік күзет қызметі «Сардар» және «Қалқан» арнайы бөлімдері;
- ҚР Қорғаныс министрлігінің Арнайы операциялар күштері (ССО).
Командалар тактикалық дағдыларын, дене даярлығын, дәлдігін және командалық жұмысын тексеретін бес күрделі сынақта жарысады, ал ұпай чемпионаттың жеңімпазын анықтау үшін күн сайын есептеледі.
Алдағы күндері қатысушылар тактикалық атыс, штурм операциялары, физикалық және командалық үйлесімділікке арналған бірнеше кезең бойынша бақ сынайды.
Былтыр The UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық жарысына әлемнің 100-ден астам елінің күш құрылымдары қатысып, Қазақстанның ІІМ «Сұңқар» командасы жоғары шеберлік көрсетіп, 1-орын алған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық