Қазақстандық Анна Данилина — әлемнің жетінші ракеткасы
Фото: olympic.kz
Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисші Анна Данилина WTA ұйымының live-рейтингіндегі мәліметке сәйкес, Дохада өткен WTA 1000 санатындағы турнирде жеңіске жеткеннен кейін мансабында алғаш рет әлемнің жетінші ракеткасы атанбақ, деп хабарлайды Orda.kz.
Отандасымыз жарыста сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетті. Финалда Данилина мен Крунич латвиялық Елена Остапенко және тайбэйлік Се Шувей жұбына қарсы ойнап, 0:6, 7:6, 10:8 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші партияны ірі есеппен ұтылып қалған Анна мен Александра екінші сетте 2:5 есебімен кейін келе жатса да, матчболдан құтылып, таразы басын теңестіре алды.
Жартылай финалда қазақстандық-сербиялық тандем канадалық Габриэла Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефани жұбын сенімді түрде 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Бұл Данилина үшін биылғы ірі турнирлердегі қатарынан екінші финал, бұған дейін ол Australian Open турнирінде чемпиондық атақ үшін таласқан еді.
Дүйсенбі күні әлемдік рейтинг жаңартылғаннан кейін Данилина планетаның жетінші ракеткасы атанады, бұл оның мансабындағы ең үздік жетістігі.
Оқи отырыңыз:
- Қысқы Олимпиада-2026: Жарыстың15 ақпандағы нәтижесі
- Қазақстан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының медальдық есебінде 15-орында
- Жетісуда жолға шықпау туралы ескертуді елемеген бес көлік апатқа ұшырады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық