Қазақстанды қандай идеология дамытады? Ерлан Қарин мақаласында нені меңзеді?
Фото: Ақорда
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанға ішкі саясатқа қатысты жаңа құжат не үшін қажет болғанын түсіндірді. Президент 5 қарашада қол қойған құжатта елдің ішкі саясатының негізгі принциптері мен құндылықтары белгіленген.
Orda.kz Ерлан Қариннің мақаласын талдап көрді.
Мақала «Казахстанская правда» газетінде «Саналы саясат» деген тақырыппен жарияланған. Кариннің айтуынша, бұрын ішкі саясат әртүрлі құжаттар мен бағдарламаларда берілетін, кейде бір-біріне сәйкес келмейтін. Ал енді бәрі бір жүйеге қойылды, нақты әрі түсінікті болды.
«Бұл құжат ішкі саясаттың идеологиялық және ұйымдастырушылық негізін анықтайтын алғашқы жүйелі акт. Алғаш рет мемлекеттік деңгейде „ішкі саясат“ ұғымы, оның мақсаттары, міндеттері мен бағыттары нақты айтылды».
Құжатты жасауға көптеген сарапшылар қатысты, талқылаулар өткізілді, соңғы нұсқасы пісіп-жетілді. Барлығы алты айдан астам уақытты алды.
Неге бұл құжат қажет болды? Жаңа идеология жасау үшін емес екенін Ерлан Қарин ашық айтты. Мемлекет тек «көпшілік келісетін» негізгі принциптерді жинақтады.
«Кейбір адамдар құжатта жаңа идеология болады деп күтті. Бірақ бұл құжат бастапқыда жаңа үлкен мақсаттарды қою үшін жасалған жоқ. Қоғамда түрлі пікір болғандықтан, оны жасау мүмкін де емес. Негізгі мақсат – Қазақстан азаматтарының көпшілігі келісетін негізгі қағидалар, құндылықтар мен мінез-құлық ережелерін нақтылап, бекіту».
Басты идеясы — жасандылықтың азайту
Мемлекеттік кеңесшінің сөзінен түсінгеніміздей, енді даңғаза бағдарламалар болмайды. Қазір басты назар – нақты өзгерістерде болады. Оның қаншалықты алға басатыны енді уақыт еншісінде.
«Мемлекеттік органдар бұрын жылдам PR-нәтижелерге ұмтылып, жобаларды тек «сәтті өткенін» көрсету үшін іске асыратын. Сол кезде көп адам тез жетістік тактикасына беріліп, стратегиялық міндеттерді елемейтін. Қазір басты мақсат – жүйелілік, практикалық пайда және тұрақты нәтиже», – дейді Қарин.
Қарин әр принципке тоқталып өткен. Біз бәрін тізбелей бермейміз, тек қызық жерлерін ықшамдап, назарларыңызға ұсынамыз.
Мысалы, дәстүрлі құндылықтарды қорғау. Билік басқа мәдени үлгілердің әсеріне алаңдап отыр.
«Қоғамда бөтен мәдени үлгілер мен мінез-құлық нормаларын таңуға тырысатын әрекеттерге алаңдаушылық өсіп келеді. Мемлекет осы мәселелерді ескеріп, дәстүрлі құндылықтарды қорғау шараларын, соның ішінде заңнамалық құралдарды күшейтеді», – деді мемлекеттік кеңесші.
Кейбір адамдар сандық этика ережелерін сақтамайды. Фейктер мен «инфорэкет» дегенді мемлекеттік кеңесші жаңа қауіп деп санайды. Ол жанжал тудырып, кейін жазбаны ақшаға өшіруді ұсынатын блогерлерді қатаң сынға алады. Бұны ол биліктің қолдауында болған «қиратып жіберуші элементтер» дәуірімен байланыстырады. Қариннің айтуынша, ол кезең аяқталды, енді мемлекет мұндай әрекеттерді қолдамайды.
«Жеке блогерлер мен белсенділердің әрекеті қарапайым ақша бопсалауға ұқсайды. Бұл ешқашан журналистика немесе қоғамдық қызмет болған емес» деп жазды ол мақаласында.
Ерлан Қарин жеке тоқталып, «cancel culture» – яғни, «қоғам болып теріс айналу мәдениеті» туралы да қатты пікір айтты. Ол оны адамдарға қысым жасау құралы деп санайды.
«Адамдар эмоция әсерінен бойкотқа шақыруды қолдап, істің мәнін терең түсінбейді. Соның салдарынан жиі агрессия мен психологиялық қысым қалыптасады. Әділетсіздікке қарсы соқыр күрес одан да үлкен әділетсіздікті туындатуы мүмкін. Бұл жағдайға жүйелі жауап қажет, соның ішінде заңнамалық шаралар да бар. Мүмкін, этникалық, діни, тілдік, гендерлік немесе басқа да дискриминациялық белгілер бойынша бойкот жасауға шақырғаны үшін жауапкершілік енгізу керек», – дейді Қарин.
Ол этникалық, тілдік, діни және сыртқы саясат мәселелерін талқылағанда сақ болу керек екенін баса айта кетті. Бұл цензура емес, қоғамға эмоциямен «өрт шығарма» деп ескерту.
«Мемлекет мәселені жүйелі түрде, ақылмен шешіп жатыр. Мұнда бірден әсер ету үшін емес, халыққа пайдасы және елдің стратегиялық мүддесі үшін әрекет жасалады», — деді Ерлан Қарин.
Сонымен, Қарин не айтқысы келді? Барынша пафос аз, көбірек нақты жұмыс сөз болды. Ендігі жерде идеология – бұл байыппен әрі жүйелі жүргізілетін ішкі саясат.
Ал іс жүзінде не болып жатыр?
«Саналы саясат» қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Мысалы, елде «ЛГБТ-насихатына» тыйым салу. Мәжіліс заңды қабылдады. Егер бұл іске асса, «ЛГБТ-насихаты» деп танылған кез келген ақпарат үшін айыппұл немесе қамау қарастырылатын болады.
Бұл тұқыртып жіберетін заңның қаншалықты зор екені қазірдің өзінде көріне бастады. Жақында Қазақ-Британ Халықаралық Менеджмент және Экономика (КИМЭП) университетінде «Феминита» ұйымының жетекшілерінің бірі Жанар Секербаеваның сөзі тоқтатылды. Белсенді бұл жағдайды жаңа заңға енгізілген түзетулермен байланыстырады.
«Инфорэкетке» қарсы күрес те белсенді жүріп жатыр. Күніге блогерлер мен журналистерді ұстап, жауапқа тартады. Мысалы, кеше полиция бұрынғы «Дат» редакторы Нұртаза Қадырниязовты жалған ақпарат үшін «сұхбатқа шақырды». Qaznews24 сатирикалық парақшасы авторының оқиғасы да аяқталған жоқ. Темірлан Еңсебек «ұлтаралық мәселе» бойынша сотталды, енді оны жаңа іс бойынша қайта шақырып жатыр.
Ал Қарин сақ болуға шақырса да, елдің оңтүстігінде қытайға қарсы наразылық тоқтаған жоқ. Жақында Ұйғыр ауданында ҚХР жетекшісінің портретін өртеп жіберді. Бұл Қытайда ұсталған Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайдың жағдайына байланысты өткен наразылық. Кейін Ақсай тұрғындары жер телімдерін Қытай компаниясына уақытша беру жоспарына қарсы шықты.
Бір жағы «Cancel culture» мәдениетіне қарсы болуы түсінікті секілді. Қоғам болып әділетсіздікке төзбеу, жалпы қарсылықты білдіріп бойкот жариялау — күндердің бір күні ағат іс жіберсе жоғарыда отырған шенеуніктердің басына да төнуі мүмкін жағдай.
Міне, шын мәнінде «байыппен шешім қабылдайтын саналы саясат» осылай іске асып жатыр.
Автор: Зарина Файзулина
Жаңалықтар
- Шымкентте бір ер адам туған қызын 4 жыл бойы зорлап келген деген күдікпен қамалды
- «Қыз Жібек» фильмі: қырғыз режиссер жайлы дау не себепті қозғалды?
- Айбек Смадияров сыртқы істер министрлігіндегі қызметінен кетті
- СҚО-да сабақ үстінде химия мұғалімінің беті күйіп қалды
- Жапонияда күшті жер сілкінісі болды: цунами қаупі төнді
- Kundelik жүйесіндегі мыңдаған оқушының жеке деректері желіге тарап кетті
- Қарағандыдағы жалдамалы пәтерде 15 пен 18 жастағы жасөспірімдердің өлі денесі табылды
- Ақтөбеде авиазауыттың бұрынғы басшысы 110 млн ісі үшін қайта жауап берді
- Қазақстандық жас спортшылар джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
- СҚО-да шенеунік пара алып, қызметін ақша көзіне айналдырғаны үшін сотталды
- Зейнетақы жинағынан ақша алуға болатын тағы бір қызметке тыйым салынды
- Тоқаев ҰҚК-ға жаңа өкілеттік берді
- Эскорт, жезөкшелер үйі және бала саудасы: ІІМ адам саудасының заңсыз нарығын әшкереледі
- OpenAI ЖИ-ді жаңартты: Енді GPT‑5.2 нұсқасы жауап бергенде жаңылмайды
- Әлем чемпионатының кубогы Алматыға келеді
- Алматыда уланған адамдардың жағдайы белгілі болды
- Темірлан Анарбеков Чемпиондар Лигасының үздік қақпашысы атанды
- Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді
- Қазақстандық азамат Германиядағы банк шоттарын бұзды деген күдікпен ұсталды
- Алматыда 52 адам табиғи газдан уланып қалды