Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
Фото: Егемен Қазақстан
Ақтау жүргізушілері шетелдік көліктерді заңдастыру құны бойынша утилизациялық алымды 2,5 млн теңгеге дейін төмендетуді сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Олардың айтуынша, Маңғыстау облысында шетелдік нөмірі бар шамамен 40 мың автокөлік әлі күнге дейін заңдастырылмаған, себебі олардың иелері 2 486 875 теңгеге дейін жететін утилизациялық алымды төлеуге қауқарсыз.
Көліктердің басым бөлігін жүргізушілер Грузиядан кеден арқылы заңды түрде әкелген. Алайда Қазақстанда тіркеу болмағандықтан, сақтандыру рәсімдеу мүмкін емес, ал осыған байланысты кез келген айыппұл автоматты түрде екі еселенеді.
Жүргізушілер президентке жүгініп, төлемді 25–50 айлық есептік көрсеткіш (108–216 мың теңге) көлемінде белгілеуді ұсынып отыр.
«Тіпті 8 мың автокөлікті алып, ұсынылған төлемге көбейтсек, бұл бюджетке айтарлықтай түсім әкеледі. Оған қоса жыл сайынғы салық та өседі. Біз төлеуден бас тартпаймыз, тек оның қолжетімді болуын сұраймыз», – деді жүргізушілердің бірі видеода.
Депутаттардың қоғамдық кездесуіне кіріп шыққан Ақтау тұрғындары осындай үндеу жасап, халықтың жанайқайын жоғарғы жаққа жеткізуді талап етті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық