Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
Фото: freepik.com
Алматыда полицейлер кикшеринг компаниялары өкілдерімен қаладағы электросамокаттарды пайдалану мәселесін талқылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, кездесу барысында электросамокаттарды дұрыс пайдалану және қолданушылардың тәртібі мәселелері көтерілген. Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайлары, тротуармен жүру, жылдамдықты асыру және жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретін әрі қауіп төндіретін ретсіз тұрақтар сөз болған.
Алматы ПД бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов кешенді тәсілдің маңыздылығын және сервистер тарапынан жауапкершілікті арттыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, пайдаланушыларды бақылауды күшейту, технологияларды енгізу және құқық бұзушылықтардың алдын алу маңызды.
«Сондай-ақ арнайы тұрақ аймақтарын ұйымдастыру және самокаттарды ретсіз орналастыруға жол бермеу мәселесі талқыланды. Өрескел құқық бұзушылықтар кезінде самокаттар мен басқа да жеке қозғалыс құралдары айыппұл тұрағына жіберіліп, ал заң бұзушылар жауапкершілікке тартылады», деп хабарлады полиция.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты күшейтіп, жолдағы қауіпсіздік пен мәдениетті арттыру үшін түсіндіру жұмыстарын жалғастыруға келісті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық