Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты

cover Фото: Бурятия прокуратурасы

Министрлік Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық азаматтың көз жұмғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қайғылы жағдай Муй ауданына қарасты «Ирокинда» кенішінде болған. Өңірде қар көшкіні болып, салдарынан 6 адам қаза тапқан. Олардың ішінде 36 жастағы қазақстандық та бар. 

Негізінде аумақта тоғыз адам болған. Үшеуі өздігінен шығып үлгерген. 

«Қазақстанның Ресейдегі елшілігі болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ресейдің құзыретті органдарымен тікелей байланыста», деп хабарлады СІМ.

Қазір қылмыстық іс қозғалды. Себебі құрылыс және өзге де жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылған. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар