Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
Фото: instagram.com/turkistandsb
Түркістан облыстық балалар ауруханасына 9 айлық сәби жедел жәрдеммен шұғыл жеткізілді. Сәби абайсызда ине жұтып қойған, деп хабарлайды Orda.kz «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына сілтеп.
Дәрігерлер рентгендік тексеру арқылы бөгде заттың орналасқан орнын анықтап, дереу эндоскопиялық әдіспен оны сәтті алып шықты.
Медициналық көмектің жедел көрсетілуінің арқасында асқынудың алдын алынды. Қазір баланың жағдайы жақсы, ол үйіне шығарылды.
«Уақыт жоғалтпай, эндоскопиялық әдіс қолданылып, өңеште тұрып қалған ине сәтті түрде алынды. Медициналық көмектің жедел әрі кәсіби көрсетілуінің арқасында ықтимал асқынулардың алдын алу мүмкін болды» деп жазылған хабарламада.
Анықталғандай, сәби абайсызда ине жұтып қойған. Дәрігерлер дереу рентгенологиялық тексеру жүргізіп, бөгде заттың нақты орналасқан орнын анықтаған.
Түркістан облыстық балалар ауруханасының мамандары – хирург Мұқағали Темірбеков пен эндоскопист Бабыр Ырысқұлов өңеште тұрып қалған бөгде затты сәтті алып шыққан.
Мамандар ата-аналарға балаларға қауіпті ұсақ заттарды қолжетімді жерде қалдырмауды ескертеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық