Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
Бейнеден скриншот
Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы беріп тұратын болды. Баян «Қыз Жібекке» алғыс білдіріп, иығына тон жабатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылғы 16 сәуірде Баян Алагөзова Instagram желісінде бейнеролик жариялап, аң терісімен көмкерілген атақты қызғылт қамзолды көрсеткен болатын. Ол бұл кеудеше 1970 жылғы «Қыз Жібекке» фильміндегі Жібек бейнесін сомдаған актриса Меруерт Өтекешованың сол кезде киген түпнұсқа костюмі екенін және оны суретші Гүлфайрус Ысмайылова өз қолымен тіккенін айтты.
Басты рөлді актриса Меруерт Өтекешева сомдаған. Фильмнің көркемдік стилі, оның ішінде костюмдері суретші Гүлфайрус Ысмайылованың еңбегі. Бұл елдің мәдени мұрасының маңызды бөлігі саналатын да рас.
Продюсер бұл киімді «сандығындағы ең құнды дүние» деп атап, оны өмір бойы сақтайтынын жеткізді.
Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова «Қыз Жібек» камзолына қатысты әлеуметтік желілерде туындаған талқылауларға пікір білдіріп, «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады, енді менің қолыма түскенде неге шулап кеттіңдер деген сыңай танытты.
28 сәуірде Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға алғыс білдірген тағы бір бейнежазба жариялады. Ол актрисаға тон сыйлап, ай сайын 1 млн теңге көлемінде өмір бойы төлем жасап тұруға уәде берді.
Сонымен қатар, 2027 жылы өтетін «Қазақ аруы» байқауын Меруерт Өтекешоваға арнайтынын мәлімдеді.
Айтпақшы, сол кезде мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан продюсер Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киіміне қатысты жариялаған жазбасына қатысты пікір білдірді. Министрлік мәдени құндылықтарды сақтау және қорғау мәселесіне ерекше мән беретінін, сондай-ақ қоғамда туындаған сұрақтарға ашық әрі нақты ақпарат беруге әрдайым дайын екенін атап өтті.
Тағы бір еске сала кететін жайт: Меруерт Қаратайқызы Өтекешова бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері атанғанымен қазақтың «Қыз Жібегі» Қазақстанның халық әртісі атағын тек былтыр ғана, яғни 2025 жылы алды.
Оқи отырыңыз:
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- Меруерт Өтекешова Қазақстанның халық әртісі атанды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық