«Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
Фото: Ресей БАҚ-тарынан
Қазақстанның энергетика министрлігі «Дружба» құбыры арқылы транзиттің тоқтауына байланысты Германияға экспортталатын 260 мың тонна мұнайды балама бағыттарға қайта бөлетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство өкілі Әсел Серікбаеваның айтуынша, бұл көлемнің 100 мың тоннасы Усть-Луга портына, ал 160 мың тоннасы Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесіне бағытталады.
Министрлік бұл өзгерістердің операциялық сипатта екенін және жылдық өндіру жоспарының орындалуына әсер етпейтінін атап өтті.
«Қолданыстағы көлік инфрақұрылымы Қазақстанға экспорттың тұрақтылығын және әлемдік нарықтарға шикізаттың үздіксіз жеткізілуін толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Әсел Серікбаева.
Оның айтуынша, 100 мың тонна Усть-Луга порты арқылы, ал тағы 160 мың тонна Каспий құбыр консорциумы (КТК) арқылы жөнелтіледі. Бұл схема жүк жөнелтушілермен келісілген және «операциялық сипатқа ие». Маршруттың өзгеруі жылдық жоспарланған өндіру көлеміне (98 млн тонна) әсер етпейді.
«Германия бағытына (Шведт МӨЗ) Дружба жүйесі арқылы транзит кестесінің өзгеруіне байланысты 2026 жылғы мамыр айына мұнай экспорт көлемін 260 мың тоннаға жоспарлы түрде қайта бөлу қарастырылып отыр», — деп мәлімдеді Серікбаева.
Сәуір айының соңында «Дружба» құбырының солтүстік тармағы арқылы жеткізілімде іркілістер болғаны белгілі болды. 22 сәуірде жағдайға Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Аккенженов пікір білдірді.
Оның сөзінше, сол кезде Астана ресми түрде Мәскеу тарапынан хабарлама алмаған, алайда бейресми арналар арқылы инфрақұрылымға жасалған соққы салдарынан кідірістер болғанын білген.
Кейіннен Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков транзиттің «техникалық себептермен» тоқтатылғанын растады және Қазақстан мүддесі балама бағыттар арқылы сақталатынын айтты.
2023 жылдан бері Қазақстан мұнайы Қашаған, Қарашығанақ және Теңіз кен орындарынан Германияға, нақтырақ айтқанда Шведт МӨЗ-іне экспортталады. Бұл зауыт 2022 жылға дейін Роснефть компаниясына тиесілі болған, ал қазір үкімет басқаруына өткен. Осы уақыт ішінде жеткізілім көлемі жылына 1,2 млн тоннадан 2026 жылға жоспарланған 2,5 млн тоннаға дейін артты.
Жеткізілімдер Ресей, Беларусь, Польша және Германия аумағы арқылы өтетін «Дружба» құбырының солтүстік тармағы арқылы жүзеге асырылады. 2022 жылдан бері бұл бағыт тек қазақстандық мұнай үшін қолданылады. Ал оңтүстік тармақ (Украина, Венгрия, Словакия және Чехия арқылы өтеді) арқылы шикізат Венгрия мен Словакияға жеткізіледі. Қазіргі таңда Ресей мұнайын сатып алатын елдер осы екеуі ғана.
Оқи отырыңыз:
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық