Қазақстандағы алғашқы крематорийге 100 күн: Қанша адам жүгінді?
Алматыдағы крематорий ашылғалы бері қайтыс болған адамдардың денесін кремациялау бойынша алты қызмет көрсетілген, деп хабарлайды Orda.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметіне сүйеніп.
Барлық жағдайда да кремация марқұмның көзі тірісінде жазып қалдырған, нотариус куәландырған жазбаша ерік білдіруі негізінде жүргізілген.
Қазақстандағы алғашқы крематорий Алматыда 2026 жылғы 30 сәуірде ресми түрде ашылды. Ол Қалалық патологиялық-анатомиялық бюросы базасында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта нысан штаттық режимде қызмет көрсетіп отыр.
«Нысан 2025 жылдың 17 қазанында мемлекеттік аудит нәтижесінде Алматы әкіміне баланс ұстаушысын анықтау тапсырмасына сәйкес берілді», деп хабарлады сол кезде жоғары аудиторлық палата.
Айта кетейік, бұл крематорий Алматыда 2021 жылы 1,5 миллиард теңгеге салынған еді. 2021 жылы бой көтергенімен ешкімнің балансына өтпей, құры тұрған бұл нысан былтыр қалалық патологоанатомиялық бюроның қарамағына берілді.
Крематорийдің жобалық қуаты тәулігіне 16-дан 24-ке дейін кремация жасауға есептелген. Кешенде екі екі камералы кремация пеші орнатылған. Жұмыс істегеніне 100 күн ішінде барлығы алты кремация жүргізілген.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әзірге көрсетілген қызмет көлемі толыққанды статистика қалыптастырып, тұрақты үрдістерді анықтау үшін жеткіліксіз. Дегенмен азаматтардың кремация қызметіне қатысты кеңес алу үшін жүгінуі артып келеді.
«Қазіргі уақытта халықтың бұл қызметке деген қызығушылығы біртіндеп артып келе жатқаны байқалады. Бұған урбандалу, ірі қалалардағы зираттарда бос жер телімдерінің шектеулі болуы, сондай-ақ азаматтардың экологиялық сауаттылығының артуы себеп болып отыр», – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тәжімұрат.
Кешен Чехияда жасалған заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда көпсатылы сүзгі жүйесі бар екі кремациялық пеш орнатылған. Екі камералы технология түтін газдарын толық жанып кетуін қамтамасыз етіп, зиянды шығарындыларды азайтады, иіс пен көзге көрінетін түтіннің таралуына жол бермейді.
Бір кремация рәсімі шамамен екі сағатқа созылады. Қажетті температураға дейін қыздыру үдерісі 35 сағатқа дейін уақыт алады, ал толық жүктеме кезінде әр пеш тәулігіне 8 кремацияға дейін орындай алады.
Кремация рәсімі қатаң регламенттелген, толық құжаттар пакеті болған жағдайда мәйітті қабылдау, міндетті сәйкестендіру, кремация жүргізу, күлді өңдеуді және туыстарына тапсыру қызметтері кіреді. Әрбір қадам арнайы бақылаумен және құжатпен рәсімделеді.
Мекеме қызметкерлері шетелде арнайы оқытудан өткен. Мәйіттермен жұмыс істеу кезінде санитарлық талаптар, кәсіби этика мен құрмет қағидаттары қатаң сақталады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Қазақ еліне +1 күйеу бала»: inDrive иесі Арсен Томский Камила Лұқпановаға үйленді
- «Байсерке аспаны – 2026»: Авиация фестивалі өтіп жатыр
- Қазақстандағы алғашқы крематорийге 100 күн: Қанша адам жүгінді?
- Қазақстандықтар Оңтүстік Кореядағы зауыттар мен клининг саласында заңды жұмыс істей алады
- Қостанай облысында әкесі мен қызы Тобыл өзеніне батып қаза тапты
- ТЖМ қызметкерлері Есіл өзенін жүзіп өтпек болған адамды құтқарды
- Ми-8 тікұшағы апаты: БҚО-да төрт адамның қазасына себеп болған іс сотқа жетті
- Елімізде «Шәмші Қалдаяқов» медалі болады
- Көрерменсіз өткен ойын: «Қайрат» командасы «Ұлытауды» жеңді
- Оңтүстік Корея президенті КХДР-ге бейбіт келіссөз бастауды ұсынды
- Жаһандық экологияға қауіп: Оман мен Иран жағалауындағы мұнай төгінділері
- Қарағанды облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда
- Каньэ Уэст: Алматылықтар күткен әлемдік шоу
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар