Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
Фото: Ақорда
Қазақстан Үкіметі жаңа мерекелік күнді бекітті. Енді елімізде жыл сайын 3 қыркүйекте Қазақ тазысы мен төбеті күні атап өтіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Тиісті өзгерістер 2026 жылғы 15 сәуірдегі №278 Үкімет қаулысымен мерекелік күндер тізбесіне енгізілді. Құжат 2026 жылғы 28 сәуірден бастап күшіне енеді.
Жаңа мереке Қазақстан үшін маңызды мәдени және тарихи мәнге ие ұлттық ит тұқымдары – тазы мен төбетке арналған.
Үкіметте атап өткендей, бұл күнді енгізу дәстүрлі мұраны сақтау және насихаттауға бағытталған.
Еске салсақ, былтыр Қазақ тазысы халықаралық деңгейде танылды. Бұл енді құмай тазының халықаралық көрмелерге қатысуына мүмкіндік береді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қазақстан кинологтар одағы соңғы үш жылда Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) толыққанды мүшесі атанған. Кейін қазақ тазысы тұқымын халықаралық мойындауға ресми өтінім берілген. Нәтижесінде FCI Бас комитеті қазақ тазысы тұқымын алдын ала мойындау жөнінде тарихи шешім қабылдады.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды тазылары бар. Олар — Наурыз, Ронни және Нэнси.
2024 жылы Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронға тазының екі күшігін сыйға тартқан болатын. Оларды Макрон Жюль және Жанна деп атаған. Ел басшылары тазылармен бірге Елисей сарайының бақшасында серуендеген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық