Құмай тазы — қазақта бабадан қалған дәстүрлі мұра
Орыстарда «ит адамның досы» деген сөз бар. Қазақ халқына дос болған, адал қызмет еткен екі ит тұқымы бар. Біріншісі алабаймен жиі шатастыратын төбет, екіншісі құмай тазы.
Бала кезде ауылға жиі барып, қаладағы көп көліктің түтінінен мұнарланған аспанды жазық даланың, жусанның иісіне алмастыратын едік. Ең қызық уақыт өткізудің бірі құмай тазымен жарыс еді. Мен велосипедпен, ал тазы итім төрт аяғымен зымырайтын. Сонда да тазыны оза алмай ызаланатынмын.
Ол кезде шексіз қазақ жазығында бауырын жазып, жүгіргеннен жалықпайтын иттің қазақ халқының өмірінде қандай мағынасы бар екенінен хабарсыз едім. Басқа иттер сияқты үйді қорғап, ұры келсе үру үшін жүрген көп иттің бірі деп ойлағанмын.
Естеліктерден деректерге
Қазақ даласында көп кездесетін жартастардағы суреттер тазының тұқымы 10-12 мың жыл бұрын пайда болғанының айғағы. Иттің бұл тұқымы бізге мұрагерлік жолмен келді.
Қазақстанда 300-ге жуық құмай тазы бар. Жүз жыл бұрын қазақ жерінде тазы тұқымының шамамен 7000 басы болған делінеді. Әлем бойынша 2000 құмай тазы бар екен. Олар Өзбекстанда, Кавказ елдерінде, Балтық елдерінде, Белгияда, Францияда, Германияда тараған. Қазақ даласына өркениеттің келуімен бұл ит тұқымы сирек кездесетін тұқымдар қатарына еңді.
Бүгін біз тазы тұқымын жоғалту алдында тұрмыз. Орыстар оны «ортаазиялық тазы», ал түріктер «сұлтан тазы» деп әлемге таныстыруда.
Аштық жылдары бір тазы тұтас ауылдарды азықпен қамтамасыз етті
Құмай тазы даланың ұлы құндылығы, қазақ халқының жеті қазынасының бірі. Тазы теңдесі жоқ аңшы. Олар түлкі, қоян және басқа жануарлар мен құстарды оңай аулайды. Қасқырға шабу туралы көптеген пікірлер бар. Біреулер тазы қасқырды адам келгенше ұстап тұра алады дейді. Десек те, құмай тазы мен қазақтың төбеті қасқырдан қорықпайтыны анық.
Қазақ «қара жерде қоян алған нағыз тазы» деп жүйріктігіне баға берген. Ертеде аттың жүйрігіне мініп, тазының алғырын ерткен жігітке бәрі қызыға қараған. Сол үшін де шығар, Ақан серінің өзіне де, ісіне де ел сүйсіне қараған.
Тазы - үйде асырайтын ит
Біріншіден, бұл өте ақылды және асыл жануар. Екіншіден, тазылар ұзақ уақыт суықта бола алмайды - оларда май мен қалың жүн жоқ. Бұл киіз үйге кіргізілген жалғыз ит. Қазақ атам оны үйде ұстады, оған қамқор болды, отбасы мүшелерімен қатар тамақтандырды. Сонымен қатар барлық иттерден шығатын жағымсыз иіс тазыда жоқ.
Қазақтар тазыға ерекше қараған. Тазы үйдің қамқоршысы, кейбір жағдайларда отбасының асыраушы болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық