Қазақстанда Telegram неге істемей қалды? Цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» түсіндірді
Фото: Әлеуметтік желіден
Қазақстанда Telegram мессенджері жұмысындағы ақаулар әлі де жалғасып жатыр. Цифрлық даму министрлігі қолданушылардан шағымдар түсіп жатқанын хабарласа, «Қазақтелеком» халықаралық трафик алмасу нүктелерінде мессенджер трафигінің күрт төмендегенін тіркеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, мамандар мәселені анықтап, ақауды жою бойынша жұмыс істеп жатыр.
«Қазіргі уақытта Telegram мессенджерінің қолжетімсіздігіне байланысты қолданушылардан жекелеген шағымдар түсіп жатыр. Техникалық мамандар жағдайды анықтап жатыр», деп хабарлады министрлік.
«Қазақтелеком» да Telegram-ға қолжетімділіктің төмендегенін растады. Компанияның мониторингіне сәйкес, мессенджер трафигі Франкфурт пен Мәскеудегі негізгі халықаралық пиринг нүктелерінде күрт азайған.
Пиринг деген – интернет-провайдерлердің деректерді тікелей алмасу туралы өзара келісімі.
Сонымен бірге оператордың өз желісінде ешқандай ақау анықталмаған.
«Қазақтелеком» АҚ жауапкершілік аймағында апат, техникалық ақау немесе инфрақұрылым жұмысына қатысты ішкі бұзушылықтар тіркелген жоқ. Оператор желісі штаттық режимде жұмыс істеп тұр» деп жазылғанкомпания хабарламасында.
Ақаудың нақты себебін анықтау үшін «Қазақтелеком» Telegram-ның әкімшілік-техникалық тобына ресми сауал жолдаған. Компания жауап алғаннан кейін қосымша ақпарат беруге уәде етті.
Еске салайық, бүгін түстен кейін Қазақстан тұрғындары Telegram-ның жұмысына жаппай шағымдана бастаған. Кейбір қолданушыларда хабарламалар жіберілмей немесе қабылданбай, медиафайлдар жүктелмеген. Ал кейбір адамдардың қосымшасы мүлдем ашылмаған.
Шағымдардың күрт өсуі шамамен түскі уақыттан басталған. Соңғы бір сағатта Telegram-ға қатысты ақаулар туралы хабарламалардың 85 пайызы, өңірлердегі халық саны ескерілгенде, Қазақстанға тиесілі болған.
Қолданушылардың ең көп шағымы хабарламаларға қатысты – 57 пайыз. Тағы 27 пайызы мобильді қосымшадағы мәселелерге, ал 14 пайызы жалпы ақауға байланысты болған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық