Қазақстанда алимент төлемеген 279 борышкер құмар ойынға 600 млн теңге салған

cover Фото: Pexels

Қазақстанда алимент бойынша 279 борышкер құмар ойындарға кедергісіз қатысып, ойын шоттарын толықтырған. Олар жалпы 600 млн теңгеге жуық қаражат салған, бұл шамамен 1,3 млн долларға тең, деп хабарлады Orda.kz.

Ведомствоның мәліметінше, алимент бойынша берешегі бола тұра, бұл азаматтар букмекерлік кеңселерде ойын ойнауды жалғастырған.

Прокуратура араласқаннан кейін букмекерлік кеңселер борышкерлердің құмар ойындарға қатысуына жол бермейтін бұғаттау жүйесіне қосылды.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылдан бастап алимент бойынша берешегі бар азаматтарға құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған.

Оқи отырыңыз:

БАӘ-де қайтыс болған екі қазақстандық қызға қатысты не белгілі?

Талғарда тағы бір қылмыс: Кісі өлтірді деген 56 жастағы күдікті ұсталды

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар