БАӘ-де қайтыс болған екі қазақстандық қызға қатысты не белгілі?
Фото: Әлеуметтік парақшадан
Қазақстандық әпкелі-сіңлілі қыздар Біріккен Араб Әмірліктерінде қаза тапты. Ақжан мен Жұлдыз Боханованың құрбысы Балнұр жағымсыз пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Естеріңізге салар болсақ, қыздар Шарджға жұмыс істеу үшін барған. Таныстарының мәліметінше, олар сұлулық салонында еңбек еткен.
Әпкелі-сіңлілі қыздар шамамен бір апта бойы байланысқа шықпаған. Кейін туыстарына олардың қаза болғаны туралы хабар жеткен. Отбасы қыздардың денелерін елге жеткізу үшін тиісті көмек сұрады.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы марқұмдардың туыстарына қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп, БАӘ билігімен байланыс орнатқан.
Осы уақытта әлеуметтік желілерде қыздардың өліміне қатысты түрлі қауесет тарап жатыр. Құрбыларының бірі бұл сөздерге қатысты пікір білдірді.
«Қазір соңғы жаңалықтардың астында құрбым Ақжан мен сіңлісі Жұлдыз туралы түрлі қауесеттер тарап жатқанын көріп отырмыз. «Күнкөріс үшін кетті», «жоқшылықтан кетті», «салонда емес, басқа жерде жұмыс істеген шығар» деген сияқты ешқандай дәлелі жоқ, орынсыз әрі ауыр сөздер айтылып жатыр. Екі қыздың артынан жала жауып, түрлі қауесет таратуды доғаруларыңызды сұраймыз. Ақжан мен Жұлдыз тәрбиелі, өнегелі отбасынан шыққан, білімді қыздар еді. Екеуі де мектепті «Алтын белгімен» бітірген» деп жазды қыздардың құрбысы.
Оның айтуынша, Ақжан мен Жұлдыздың болашаққа қойған мақсаттары айқын болған.
«Алға қойған мақсаттары айқын, болашаққа деген арманы мен талпынысы зор, көздерінен өмірге деген құштарлығы көрініп тұратын қыздар еді. Астана қаласында өз еңбектерімен салондарын ашып, маңдай терімен жұмыс істеді. Құрбым Ақжан 18-19 жасынан бастап өз салонында еңбек етіп, кәсібін дамытуға тырысты. Дубайға да уақытша барып, тәжірибе жинап, жаңа ел көріп, дамып, алға қойған мақсаттарына жетудің бір жолы ретінде таңдаған еді. Олар ешкімге зияны тимейтін, адал еңбегімен өмір сүріп жүрген қыздар болды», – деді ол.
Оқи отырыңыз:
Талғарда тағы бір қылмыс: Кісі өлтірді деген 56 жастағы күдікті ұсталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық