Талғарда тағы бір қылмыс: Кісі өлтірді деген 56 жастағы күдікті ұсталды

cover Фото: Pexels

Талғар қаласында ер адамды пышақтап өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін мойындаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленуші мен күдіктінің арасында сөзге келіспеушілік болған. Жанжал кезінде күдікті ер адамға пышақпен екі рет жарақат салған. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар