Алматы – Қорғас тасжолындағы жантүршігерлік жол апаты: Тағы бір адам жан тапсырды
Бейнеден кадр
Алматы облысында Алматы – Қорғас тасжолында болған ауыр жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар саны төрт адамға жетті, деп хабарлайды Orda.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 23 маусымда Шелек ауылындағы Қағазбаев көшесі маңындағы «Бетонка» автожолында болған жол апаты салдарынан аудандық ауруханаға 7 адам медициналық көмекке жүгінген.
Қарап-тексеруден өтіп, қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бір зардап шегуші тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық ем алуға жіберілді.
2025 жылы туған сәби жағдайы тұрақтандырылған соң әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды.
«Қазіргі уақытта үш науқас травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.Тағы бір науқас анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Өкінішке қарай, бір зардап шегуші ауыр жарақаттардың салдарынан көз жұмды», деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Ведомство барлық ауруханаға жатқызылған науқастарға толық көлемде қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Алматы облыстық полиция департаменті апат 23 маусым күні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында болғанын хабарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi 100 көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық