Қазақстан Премьер-лигасы ресми түрде 16 командаға дейін кеңейтілді
Фото: kff.kz
Келесі маусымда Қазақстан Премьер-лигасында (ҚПЛ) 14 емес, 16 команда ойнайды, деп хабарлайды Orda.kz Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) ресми сайтына сілтеме жасап.
12 қыркүйек күні ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан чемпионатының регламентіне енгізілетін өзгерістер де қаралды.
Нәтижесінде, Атқарушы комитет 2026 маусымынан бастап ҚПЛ клубтарының санын 16-ға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады.
Осылайша, биылғы маусым қорытындысы бойынша жоғарғы дивизионнан тек соңғы (14-орында тұрған) команда ғана шығады.
Бірінші лигада үздік шыққан үш команда ҚПЛ-ға жолдама алады. Бұл ереже ҚПЛ-ға қатысатын клубтардың құрамындағы жастар немесе фарм-командаларға қатысты қолданылмайды.
Еске сала кетейік, қазіргі Қазақстан чемпионы – алматылық «Қайрат» футбол клубы.
Жақында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты матчында жаппай төбелес болды.
Еске салсақ, «Астана», «Атырау», «Ордабасы», «Тұран», «Шахтер», «Каспий» клубтары жекешелендірілуі мүмкін ұсынылған спорттық ұйымдардың қатарында тұр.
Жаңалықтар
- Иран соғысы: Таяу Шығыс елдерінің туризм саласындағы шығындары 56 млрд долларға жетті
- Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ
- Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
- АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісі бойынша куәлік береді, Қазақстанда да файлдар тексеріледі
- 3 сәуірде Астана уақытымен 21 сағат 13 минутта жер сілкінісі тіркелді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады