Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты матчында жаппай төбелес болды
Фото: Бейнеден кадр
Қазақстан футбол федерациясы жаппай төбелеске қатысқандарды өмір бойы дисквалификациялауды қарастырады, деп хабарлайды Orda.kz.
Футболдан Қазақстан чемпионатының жасөспірімдер арасындағы ойыны ойыншылар арасындағы жаппай жұдырықтасумен аяқталды. Салдарынан төреші ойынды мерзімінен бұрын тоқтатты.
Оқиға «Тұран» мен «Екібастұз» (2011 жылы туылған ойыншылар) командаларының Шымкенттегі кездесуінің 70-ші минутында болды, ойын «Екібастұз» пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.
Алдымен «Тұран» ойыншыларының бірі қарсыласының айып алаңына құлады. Осыдан кейін қақтығыс басталды. Кадрларда ойыншының қарсыласын секіріп теуіп, содан кейін жұдырық ала жүгіргені көрінеді. Жаппай қақтығыс болды: жасөспірімдер бір-бірін көгалға құлатып, боқтап, бір-бірін тепкілей бастады. Тек жаттықтырушылардың араласуынан кейін ғана төреші «Тұран» командасына үш қызыл карточка, «Екібастұзға» екеуін көрсетіп, ойынды тоқтатты.
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) болған оқиғаны қатаң айыптап, оны «спорттық әдеп пен адами нормаларды өрескел бұзу» деп атады.
«Футбол - бұл құрметке, адал бәсекелестікке және Fair Play қағидаттарына негізделген ойын. Мұндай әрекеттер спорт құндылықтарымен үйлеспейді» деп жазылған хабарламада.
Бейнежазбалар мен хаттамалар ҚКФ Бақылау-тәртіптік және этикалық комитетіне берілді. Отырыс келесі аптада өтеді. Федерация осыған қатысы бар адамдарға қатаң шара қабылдауға уәде берді, соның ішінде өмір бойы дисквалификациялау мүмкіндігі де бар.
Жақында Ақтау қаласының 16- ықшамауданнында бір топ жасөспірім өздерімен қатар баланы соққыға жығып кетті. Әлеуметтік желіде бейнежазба таралып, қызу талқыға түсті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық