Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
Фото: gov.kz
Қазақстанда мемлекеттік грант алу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыру мүмкіндігі жойылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, тестілеуді бірнеше рет тапсыру абитуриенттерді сапалы іріктеу мәселесін толық шеше алмайды.
«ҰБТ-ны тұтастай өзгерту қажет. Грант конкурсына қатысу үшін бір реттік тапсыруды объективті әрі қорытынды баға ретінде бекіту керек. Сонымен қатар білім деңгейін өзін-өзі бағалау және дайындық әдістерін уақтылы түзету үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады» деп жазды вице-премьер.
Ол ұсынылып отырған өзгерістер қатарында педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде қосымша емтихан енгізу бар екенін мәлімдеді. ҰБТ нәтижелерінен басқа, талапкерлер сыни ойлау және коммуникативтік дағдылар деңгейі бойынша бағаланатын болады.
«Тәжірибе көрсеткендей, шартты түрде қабылданған студенттердің шамамен 50-60% оқу жылы ішінде ең төменгі шекті тапсыра алмайды. Бұл жерде талапкерлердің болашақ мамандықты дұрыс таңдауы өте маңызды», - деп мәлімдеді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева
Бұдан басқа, педагогикалық жоғары оқу орындарына түсу кезінде талапкерлерді іріктеуді күшейту ұсынылды. ҰБТ-дан басқа сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларды бағалайтын ауызша емтихандар өткізілетін болады. Балаеваның айтуынша, мақсат - пәндік білімі бойынша ғана емес, балалармен жұмыс істеуге қажетті қабілеттері бойынша да іріктеу. Халықаралық сарапшылармен бірлесіп жасалатын жаңа Admissions Insight Test тесті қосымша енгізіледі.
Сондай-ақ, грантқа арналған конкурсқа қатысу кезінде нәтижелері объективті және түпкілікті баға болып саналатын жалғыз қорытынды тапсыру ережесін бекіте отырып, ҰБТ-ны реформалау ұсынылады. Бұл ретте талапкерлер бұрынғысынша өзін-өзі тексеру және даярлықты түзету үшін сынақ тесттерінен өте алады. Мемлекет ҰБТ бір рет қана тапсыратын, ал ЖОО-ға шартты түрде қабылдаудан бас тартатын нұсқаны да талқылауда.
Айта кетейік, грант алу үшін ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі абитуриенттерге 2022 жылдан бастап берілген еді.
Оқи отырыңыз:
- Білім министрлігі Қазақстандағы шетелдік университет филиалдарында оқуға грант бөледі
- Әкімдіктер талапкерлерге 2000-ға жуық грант бөлді
- Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық