АХҚО сотының «Газпром» мен «Нафтогаз» ісі бойынша шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды
Фото: gov.kz
Қазақстанның Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Нафтогаз» бен «Газпром» арасындағы дау бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының арбитраждық шешімді тану туралы ұйғарымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрдің айтуынша, ең алдымен бұл істің процессуалдық қырын дұрыс түсінген маңызды.
«Сот бұйрығы жауапкердің қатысуынсыз, біржақты тәртіпте шығарылған. Бұл түпкілікті шешім емес, тек хабарламалық сипатқа ие және заңды күшіне енген жоқ. Жауапкер белгіленген мерзімде оны жою туралы өтініш бере алады, содан кейін іс екі тараптың қатысуымен толық қаралады. Сондықтан қазіргі кезеңде қандай да бір орындау туралы айту ерте», – деді Ерлан Сәрсембаев.
Ол сондай-ақ Қазақстан құқықтық байланысы жоқ шешімдерді орындау үшін транзиттік алаң болмайтынын атап өтті.
Министрдің түсіндіруінше, Қазақстан заңнамасы ел юрисдикциясына қатысы жоқ дауларды қарауды қарастырмайды. Осыған байланысты АХҚО сотының аталған шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды. Іс материалдарында да АХҚО-мен тікелей байланысқа қажетті негізгі элементтер жоқ. «Газпром» АХҚО қатысушысы емес, даулы мәміле орталық аумағында жасалмаған, дау АХҚО құқығымен реттелмейді және тараптар бұл істі АХҚО сотына беру туралы келісім жасамаған.
Сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы Конституциялық заң АХҚО сотының юрисдикциясын тек орталыққа қатысы бар немесе тараптардың келісімімен берілген даулармен шектейді.
Министр Қазақстан 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясының қатысушысы екенін еске салды. Бұл құжатқа сәйкес, шетелдік арбитраж шешімдерін орындау әр мемлекеттің ішкі процессуалдық нормаларына сай жүзеге асырылады.
Қазақстан жағдайында бұл – Азаматтық процестік кодекс. Атап айтқанда, оның 503-бабына сәйкес, мәжбүрлеп орындату туралы өтініш дау қаралған жердегі сотқа немесе заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша беріледі. Егер ол белгісіз болса, борышкердің мүлкі орналасқан жер бойынша қаралады. Ал «Газпромның» орналасқан жері белгілі, сондықтан бұл маңызды процессуалдық фактор ретінде ескерілуі тиіс.
Сәрсембаев сондай-ақ АХҚО сотында бұл іс не себепті қаралып жатқанын да түсіндірді. Оның айтуынша, кез келген тұлға сотқа жүгінуге құқылы, бірақ бұл соттың міндетті түрде тиісті юрисдикциясы бар дегенді білдірмейді. Қазіргі таңда іс әлі аяқталған жоқ. Сот екі тараптың да уәждерін тыңдап болған соң ғана түпкілікті шешім қабылданады.
Сонымен бірге әділет министрлігі Қазақстан аумағында шетелдік арбитраж шешімдерін тану және орындау тәртібін жетілдіру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары АХҚО соты «Газпром» мен «Нафтогаз Украина» ісі бойынша шешім қабылдағанын хабарлаған еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық