Бағдат Мусин несімен есте қалды: Starlink, цифрландыру және Токиомен салыстыру

cover

30 сәуір күні кешке Ақордадан Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Мусинді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатқаны тураы хабар жетті. Оның қазақстандықтардың есінде қандай жағымды және жағымсыз сәттері қалғанын Orda.kz саралады.

Бағдат Мусин Цифрлық даму министрі болып 2020 жылдың қыркүйегінде тағайындалды.  Ол сол кездегі Асқар Мамин үкіметіндегі ең жас министр болды. Нәтижесінде, ол да «суға салса –батпайтын, отқа салса – күймейтін» болып шықты. Мусин Қаңтар оқиғасынан кейін министрлер кабинетінің ауысуы мен биылғы ақпандағы үкіметтің жаңаруынан аман қалды. Бірақ қызмет қолдың кірі екені анық.

Мусин даулы істері өте  көп министр болды. Осы үш жарым жыл ішінде ол талай даудың дауылын тұтатты.  Солардың кейбірін еске түсірейік.

Жайлылық пен Starlink

Позитивтен бастайық. Мусин министрлік қызметке Қазақстанда әлі де қарқынды жүріп жатқан цифрландырудың шарықтау шегінде келді. Egov порталы сол кездің өзінде жұмыс істеп тұрды, бірақ Мусиннің қол астында оның қолданысы айтарлықтай кеңейді.

Мәселен, дәл сол кісі басқарған кезеңде жеке куәлікке дейінгі құжаттардың электронды нұсқасы аналогтық нұсқамен бірдей маңыздылыққа ие болды. Соңғы жылдары қазақстандықтар барлық қажетті құжаттарды мобильді қосымшадан табуға болатынын әдетке айналдырған.

Және тек Egov емес, кейбір банктер қызметі де цифрланды. Сонымен қатар, қолыңыздағы телефонмен енді АХАТ бөліміне өтініш беріп, балаларды, көліктерді, т.б. тіркеуге болады. Тіпті шетелдіктер мұның қаншалықты қарапайым екеніне таңғалады.

Екінші плюсі - қол жетімді Интернет. Мусин тұсында Қазақстанға 5G желісі келді, тіпті шағын ауылдарда да қолайлы желі жылдамдығы қолжетімді болды. Бұл істің шамалы олқы тұсы бар. Қазақстандағы интернетті жан-жақты деп атауға болмайды. Өкінішке қарай, үлкен қалалардан бірнеше шақырым жерде және ауылдардан шыға сала интернет жоғалады.

Бірақ қазір Қазақстанның 2000 мектебінің оқушылары Starlink желісінің арқасында мұндай қолжетімділікке ие болатыны анық.

Қазақстан Республикасы билігі Мусин басшылық еткен кезеңде және оның тікелей қатысуымен өз аумағында Илон Масктың туындысын енгізуге келісті. Starlink бағдарламасын қазақ мектептерінде пилоттық түрде қолданылатыны биылғы жылдың басында белгілі болды.

Кішігірім жетістіктердің қатарында Мусин YouTube Premium-ның Қазақстанда жұмыс істей бастауын қамтамасыз етті. Бұл өткен наурызда орындалды. Бірақ оның елімізді жеке PlayStation аймағына айналдыруға уақыты жетпеді.

Жанжалдар мен мемдер

Ал енді олқылықтар туралы. Жоғарыда айтқанымыздай, Мусин мінсіз министр емес еді.

Үш жарым жыл бойы оған интернет сапасына қатысты шағымдар тыныштық бермеді. Қазақстанның едәуір бөлігінде желі сапасы қолайлы деп бекер айтқан жоқпыз. Өйткені оны керемет деп айту қиын. Желі тек қала сыртында ғана емес, мегаполистердің орталықтарында да аяқ асты жоғалып кетуі мүмкін.

2023 жылы бұл фактіні жоққа шығару әрекеті Мусиннің мем кейіпкеріне айналуына әкелді. Ол журналистерді Астанадағы интернет сапасының Токиоға қарағанда жақсырақ екеніне сендірді. Соны атпай-ақ қойғаны жақсы болар еді. Осының салдарынан былтыр  ғаламтор, Астана және Токио туралы әзілдерге толды.

Сол үшін министр Orda.kz сайтынан «Алтын шелек» сыйлығын алды. Ал Мусиннің қателескені жақында Speedtest қызметінің деректерімен расталды.

Тағы бір жағымсыз жайт, Мусин IT саласына белгілі бір қобалжу әкелді. Бұл оның «Зерде» ұлттық холдингін басқарған Арман Әбдірәсіловпен текетіресінің нәтижесі еді. Цифрландыруға жауапты екі мемлекеттік орган 2022 жылы күресіп, Цифрлық даму министрлігі жеңіске жетті. «Зерде» ұлттық холдингі компания рентабельді емес деген желеумен таратылды. Бірақ министрлік пен «Зерде» арасындағы қарама-қайшылықтың жанама әсерлерінің бірі қазақстандық IT мамандарының жеңімпазды жақтайтындар және жеңілгендер жағы деп бөлініп, жарылды.

Ал Бағдат Мусин басқаратын Цифрлық даму министрлігі жұмысының үшінші, өте күрделі кемшілігі – қазақстандықтардың деректерінің ашық желіге тарап кетуі. Ең ірі оқиғалардың бірі өткен ақпанда болды. Содан кейін Beeline және Tele2 ұялы байланыс операторлары абоненттерінің деректері «тарап кетті».

Деректерді қытайлық хакерлер ұрлағанын бәрі сол кезде білді - мұны олардың өздері де жасырмады. Бірақ содан кейін Цифрлық даму министрлігі мұны кім жасағанын білмеген кейіп танытты.

Бұл жерде өткен жылдың аяғында басталған қазақстандық БАҚ-қа жасалған жаппай кибершабуылдарды да еске түсіруге болады. Министрлік оны «байқамаған» сияқты.

Бірақ бастысы - Мусин қызметінің сыбайлас жемқорлық жанжалдарына қатысы жоқ немесе қатысы жоқ  дерлік. Былтырғы көктемде ҚМА қызметкерлері Азаматтарға арналған үкіметке қатысты тексеру жүргізді, бірақ бұл ешқандай қамауға алуға немесе әшкереленуге әкелмеді.

Мусин үлгілі отағасы, бес баланың әкесі. Оның министрліктен кеткен соң қай жерден бас көрсетерін жақын арада білетін болармыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар