KazSat-3 спутнигінің істен шығуына байланысты телеарналар тоқтады
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телеарналардың тоқтап қалуына себеп болған жағдайлар туралы айтты.
Байланыс құрылғысы аккумуляторларының қуаты таусылғандықтан телеарналардың хабар таратуы тоқтап қалғаны белгілі болды.
«Бүгін, 2023 жылдың 15 қыркүйегінде Ай мен Жердің көлеңкелі аймақтарының ұзақ өту кезеңінде KazSat-3 байланыс ғарыш аппаратының аккумуляторлық блоктары қуатсызданды, соның нәтижесінде спутниктік телевидение және радиохабар тарату және спутниктік деректерді беру уақытша тоқтатылды» деп хабарлады Цифрлық даму министрлігі.
Қазіргі уақытта ұлттық оператор «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ғарыш аппаратын жасаушы «Академик М.Ф.Решетнев атындағы ХҒС» АҚ-мен бірлесіп, аталған қызметтерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Аталған жағдай «Qazaqstan», «Qazsport», «Balapan», «Abai tv» және Qazaqstan телеарналарының жұмысына әсер етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық