«Қазақфильмдегі» жанжал: Киностудия басшылығы не деді?

Orda.kz бұған дейін Франциядан халықаралық жүлдемен оралған «Әбіл» кинотуындысының режиссері Елзат Ескендір мен Ерлан Төлеутайды «Қазақфильм» аумағына кіргізбей қойғаны жайлы жазған болатын. Ақыры «Қазақфильм» басшылығы бұл 3 күн қатарынан жалғасқан наразылыққа қатысты жауап қатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Неге дау туды?
Бұл дау 25 ақпаннан бері жалғасып келе жатыр. Сол күні Ерлан Төлеутай мен Елзат Ескендір «Қазақфильмге» кіре алмады. Режиссер Елзат Ескендір мен актер Ерлан Төлеутай өздерінің «Әбіл» фильмін Еуропаға апарып, бірқатар беделді фестивальдерге ұсынды. Картина Кеңес Одағының ыдырауы және қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзгерістер туралы баяндайды.
Фильмнің еуропалық премьерасы алғаш рет Швецияның Гётеборг қаласында өтті. Кейін туынды Франциядағы әйгілі «Весул» азияттық кинофестивалінде көрсетілді. Осы фестивальден жүлдемен оралды. Картина «Қазақфильм» киностудиясы базасында түсірілген. Алайда, киностудия басшылығы фильмнің халықаралық жетістігін елеусіз қалдырғаны, авторларды құттықтамағаны және фильмді ресми платформаларында насихаттамағаны туралы сын айтылып жатыр.
26 ақпан күні режиссерлер мен аниматорлар «Қазақфильмнің» алдына жиналды. Олар уақытша басшы Айдар Омаровпен тілдесе алмағандарын айтып жиналған болатын.
«Бірден айтып кету керек бұл ереуіл емес. Жиналған себебіміз — «Қазақфильмнің» президенті міндетін уақытша атқарушы Айдар Омаров деген кісінің мына қазақ анимация шығармашылық бірлестігін жауып, оны Астанаға көшіремін деген шешімі. Бұл кімнің шешімі? Айдар Омаровтың шешімі ме? Әлде Айдар Омаров айтқандай министр Аида Балаеваның шешімі ме? Біз осы сұрақтарға жауап іздеп келдік», — деді бейнежазбадағы ер адам.
Одан кейін Ерлан Төлеутай сөз сөйледі.
«Мінекей, «Қазақфильмнің» уақытша басшысы Айдар Омаров бастаған «саботаж» міне бір жыл боп қалды. Әлі жалғасуда. Бұл Айдар Омаров деген уақытша басшы киногерлердің қанын ішуде. Біздің еңбек құқығымызды таптауда. «Самовольно» іс қылуда. Ойына келгенін істеуде. Осындай «беспредел», былайша айтқанда «Қазақфильм» қазір «бандитизмнің ошағына айналып отыр. Өйткені олар ойына не келсе соны істейді. Айырам десе, жұмыстан айыра салады. Мынау тұрған еліміздің жас буын суреткерлері. Аниматорлары, режиссерлері, мына арбаға таңылып отырған режиссер апамыз біздің. Әмен Қайдаровтың замандастары. Олар бүгін Әмен Қайдаровтың қара шаңырағын Астанаға мұндай бандиттің жолмен көшіріп әкетуіне қарсы. Біз бәріміз қарсымыз! Аида Балаева, мына Айдар Омаров атты орынбасарыңды алып кет бізден! Құтқар біздің «Қазақ фильмді»! Құтқар біздің анимацияны мына сұмдықтан!», — деді Ерлан Төлеутай.
Бейнежазбалардың бірінде бейтаныс бір ер адам наразы топты сабырға шақырып, араздық тудырмауға шақырады. Оның кім екенін сұрағанда «қауіпсіздік қызметіненмін» деп жауап береді.
Дегенмен наразы топ оған «Қазақфильм» территориясына кіре алмай жүргенін айтып түсіндірді. Қарапайым кеңседе қалған киімдері мен заттарын алып кете алмай жүрген әйел өздерін жұмыстан шығаратын болса оны неге айтпайтындарын сұрады. Мүлде елемей, тыныш қана шешім шығарғандарына наразы екендерін айтты.
Артынша режиссер Елзат Ескендір киностудиядағы дискриминация жайлы айтып, плакат ұстап шықты.
«Қазақфильм» не дейді?
«Қазақфильм» киностудиясы қазақстандық фильмдердің халықаралық фестивальдерде жүлде алуын әрдайым қуанышпен қабылдайтынын мәлімдеді. Кинотуынды авторларын құттықтау үшін жүйелі жұмыс жүргізілетіні, оның ішінде әлеуметтік желілерде міндетті түрде құттықтау жарияланатыны айтылды.
«Айдың соңында өткен бірнеше фестивальдің қорытындысы бойынша «Қазақфильм» ұжымы жеңімпаздарды құттықтайды», деп сендірді киностудия өкілдері.
Ал «Әбіл» фильмі авторларының «Қазақфильм» басшылығымен кездесуі туралы сұраққа студияда мұндай кездесулердің бірнеше рет өткенін айтты. Жалпы, киностудия киногерлермен ашық диалогқа әрдайым дайын екенін және мүмкіндігінше қолдау көрсететінін атап өтті.
Сондай-ақ, студия басшылығы «Қазақфильм» жерінің сатылуы немесе қасақана қиратылуы туралы мәлімдемелерді жоққа шығарды.
«Бұл – дәлелсіз, әдейі бұрмаланған және жалған ақпарат. Мұндай әрекеттер киностудияның дамуына қайшы келеді және қазіргі басқару саясаты аясында жоспарланбаған», – деді «Қазақфильм» өкілдері.
Анимация саласына қатысты көтерілген мәселелер де назардан тыс қалмады. Киностудия аниматорлардың жиналысын «рұқсат етілмеген митинг» деп атап, онда Қазақстанда анимация индустриясын дамыту мәселелері бойынша пікірталас өткенін жеткізді.
Сондай-ақ, «Қазақанимацияны» Астанаға көшіру мәселесі шынымен қарастырылып жатқанын растады. Бұл тақырып жақын арада аниматорлармен талқыланатынын, әрі анимация саласын дамыту перспективаларын түсіндіру үшін кеңейтілген жиналыс ұйымдастырылатынын хабарлады.
«Анимация саласындағы мамандардың ақпараттандырылмауы туралы айтар болсақ, қаңтар айының басында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің сол кездегі жетекшісі Айбике Рахымжановамен кездесу өткен болатын. Сол кездесуде «Қазақанимацияны» Астанаға көшіру мүмкіндігі қарастырылды, бұл ұлттық анимацияны дербес сала ретінде дамыту үшін жасалған қадам», – деп мәлімдеді «Қазақфильм» өкілдері.
Жаңалықтар
- «Ленина 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды
- Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды
- «Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы келді»: Сот үкімінен кейін Сәкен Мамаштың экс-әйелі пікірін айтты
- Тоқаев жаңа салық кодексі туралы заңға қол қойды
- «Кінәсін мойындамады»: Әйелінің 9 жастағы жиенін зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
- Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш әйеліне зорлық көрсеткені үшін алты жылға сотталды
- «Астанада емделеді»: Науқас ұрғаннан жансақтау бөліміне түскен хирургтың жағдайы ауыр
- «104» деген лақап аты бар рэпер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды
- Тікұшақ тасыды: Алматы тауында жасөспірім 15 метрлік жардан құлап мертікті
- Испания билігі Нұрсұлтан Назарбаевтың қызынан көшені қайтарып алды
- Журналист Лұқпан Ахмедияров кибершабуыл құрбаны болды
- Путин Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады
- Атырау облысында түйелер жаппай қырылып жатыр
- Цифрлық жүктемеге қарсы балама: фотоны сақтау үшін жаңа шешім пайда болды
- «Хирургты жансақтау бөліміне түсірген науқас»: Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- «Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
- Белгілі жазушы Исраил Сапарбай дүниеден өтті
- Перизатты Димаш Құдайберген, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қарин қайырымдылық жолында қалай қолдады?
- Анасының сырқатын сылтауратқан: Ұлытаудың бұрынғы прокуроры үш жарым жылға сотталды
- Тентіреген жастар, торыққан қараша халықтың шындығы және құрып бара жатқан Арал туралы «әдемі» баяндамалар