«Қазақфильмдегі» жанжал: астыртын шешім және режиссерді ішке кіргізбеген киностудия
Фото: Orda.kz
«Қазақфильм» киностудиясы тағы да дау-дамайдың ортасында қалды. Ерлан Төлеутайдың айтуынша, оны және «Әбіл» фильмінің режиссері Елзат Ескендiрді студия ғимаратына кіргізбей қойған. Бұл оқиға олардың Еуропада өткен халықаралық фестивальдегі жеңісті сапарынан кейін болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желідегі Ерлан Төлеутайдың сөзіне сүйенсек, олар «Қазақфильм» басшылығының өздерін құттықтауын күткен, алайда жауап болмаған. Ақыры студияға өздері баруға шешім қабылдағанымен, күзет ішке кіргізуден бас тартқан.
«Шынтуайтында біз «Қазақфильмге» ерігіп бармаған едік. Еуропадан соң «Қазақфильм» басшылығынан хабар күткелі аптаның жүзі болған-ды. Алайда А.Омаров біздей халықаралық кинофестиваль жеңімпаздарын құттықтамақ түгілі хабарласуды бойына ар санады білем – хабарласпады» деп жазды Ерлан Төлеутай.
Сонымен қатар, оның айтуынша, студия аумағында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін Астанаға көшіру мәселесі талқыланып жатыр.
«А.Омаров бастаған «Қазақфильмнің» уақытша бастықтары мен ондаған жылдан бері жетекші редактор болып келген «Қазақанимация» ШБ Астанаға көшіріп жіберуге астыртын шешім қабылдаған», – дейді ол.
Төлеутайдың пікірінше, мұның астарында киностудия жерін сатуды көздейтін топтың мүддесі жатыр, өйткені «Қазақанимация» ұжымы бұған жылдар бойы қарсы шығып келген.
«Мұның артында қазақ сәбилерін рухани ашаршылыққа ұшырату саясаты жатыр», — деп мәлімдеді Ерлан Төлеутай.
Ол мәдениет саласындағы зиялы қауым мен жұртшылықты киногерлерді қолдауға, ұлттық анимация өнерін сақтап қалуға шақырды.
Ол жариялаған бейнежазбада режиссер Елзат Ескендір мен Ерлан Төлеутай қақпаның алдында «Қазақфильмге» кіре алмай тұрады. Телефонмен сөйлескенде қоңыраудың ар жағындағы адам «кіргізбеуге» нұсқау бергенін айтады.
Еске сала кетсек, режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі Франциядағы кинофестивальде гран-приді жеңіп алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық