«Қазақфильмде» 3 күннен бері дау: Елзат Ескендір плакат ұстап шықты
Фото: Facebook / Елзат Ескендір
Orda.kz бұған дейін Франциядан халықаралық жүлдемен оралған «Әбіл» кинотуындысының режиссері Елзат Ескендір мен Ерлан Төлеутайды «Қазақфильм» аумағына кіргізбей қойғаны жайлы жазған болатын. Ақыры Елзат Ескендір плакат ұстап «Қазақфильмнің» алдына шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
26 ақпан күні Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясының алдында анимация саласының мамандары жиналып, өз наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, студияның уақытша басшысы Айдар Омаров анимациялық бөлімді Астанаға көшіру туралы шешімді қызметкерлерге ескертпестен қабылдаған.
Елзат Ескендір болса әлеуметтік желісіндегі жазбасында «Қазақфильмдегі дискриминация» мәселесін көтерді.
«Қазақ киносында қазақ тілді режиссерлерді дискриминациялау әуелден бар еді», алайда, Айдар Омаров «Қазақфильм» киностудиясының президенті міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалғалы бұндай әрекеттерді дөрекі түрде, ашық жүргізе бастады», — деді Елзат Ескендір.

Режиссердің айтуынша, бұған дейін қазақ тілді режиссерлердің сценарийлері оқылмай, питчингтен өтпей, олар халықаралық шараларға қатыса алмай шектелсе, қазір жағдай тіпті ушыққан.
«Омаров олардан да асып түсіп, қазақ тілді біздерді түрлі сылтау, кедергілер арқылы киностудия аумағына кіргізбеу шараларын қолдануға дейін баруда», – дейді ол.
Елзат Ескендір өзінің «Әбіл» фильмін Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильмде» түсіргенімен, халықаралық фестивальдерге қатысуы үшін ешқандай қаржылай қолдау алмағанын айтады:
«Біз өзіміз барып, фильмнің премьерасын өткізген Бусан, Гетеборг, Везуль кинофестивальдерінің бәріне «Қазақфильм» киностудиясының немесе министрліктің бір тиын қолдауынсыз барып жүрміз», — деді Елзат Ескендір.
Сонымен қатар, режиссер «Қазақфильм» тарапынан халықаралық Market-терге қатысатын адамдардың таңдалуында әділетсіздік барын мәлімдейді.
«Бұл сапарларға студия атынан кемі 3-4 адам 100 пайыз мемлекеттің қаржысына жіберіледі», алайда олардың көпшілігі ағылшын тілін білмейді, бұл фестивальдерде киноны таныстыруда үлкен кедергі келтіреді. «Ал ағылшын тілін білмейтін киностудия қызметкері ол жерде фильмдерді қалай таныстырып, қалай сататыны түсініксіз», — деді Елзат Ескендір.
Ескендірдің айтуынша, 2024 жылдың қазан-қараша айларында Нидерланды, Франция, АҚШ-та өткен Market-терге «Қазақфильм» тарапынан бірнеше адам жіберілген, бірақ олардың сапар нәтижесі туралы ашық ақпарат жоқ». Ол бұл жағдайды «Айдар Омаров өзіне жақын мамандардың баруына мүмкіндік жасаған» деп бағалайды.
Режиссер сондай-ақ, студияның фестивальдерге жаңа фильмдерді насихаттау үшін қаражат бөлмеуін сынға алды.
«Жыл бойы өтіп жатқан Market-терге бірнеше адамды жіберуге қаржы табылады, ал қазақ киносын таныстыру үшін ресми шақырту алған шығармашылық өкілдерге қаржы қарастырылмайды», – деп атап өтті ол.
Елзат Ескендір өзінің осы мәселелерді ресми хат арқылы жеткізгенін, бірақ оған жауап берілмегенін айтады.
«Бұдан шығатын қорытынды – Омаров бізді қандай жағдайда да қолдаусыз қалдырудың амал-әрекеттерін жасауда». Ол мұндай жағдайды «Қазақфильм» басшылығы тарапынан қазақ тілді киногерлерге жасалып жатқан толыққанды дискриминация», — деп есептейтінін мәлімдеді.
Режиссердің пікірінше, «қазақ киносының ұлттық сипаттағы игілігі мен мұратын ғана көздейтін» реформалар қажет. Ол «Қазақфильмдегі қазақ тілді режиссерлерді дискриминациялау тоқтатылсын!» деп талап етті.
Ал «Қазақфильм» бұл жағдайға қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасамады.
Айта кетейік, бұл дау 25 ақпаннан бері жалғасып келе жатыр. Сол күні Ерлан Төлеутай мен Елзат Ескендір «Қазақфильмге» кіре алмады. Ал келесі күні режиссерлер мен аниматорлар «Қазақфильмнің» алдына жиналды. Олар уақытша басшы Айдар Омаровпен тілдесе алмағандарын айтып жиналған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық