«Қазақфильмдегі» жанжал: Аниматорлар киностудия алдына жиналды
Фото: Orda.kz
Бүгін Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясының алдында анимация саласының мамандары жиналып, өз наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, студияның уақытша басшысы Айдар Омаров анимациялық бөлімді Астанаға көшіру туралы шешімді қызметкерлерге ескертпестен қабылдаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Аниматорлар «Қазақфильм» аумағына мүлде кіре алмай отыр. Студияның күзеті оларды өткізбей келеді. Ерлан Төлеутай олардың бүгінгі жиналған сәтінде түсірілген бейнежазбаны жариялады. Онда осы салада жүрген бір азамат:
«Қазақ ұлттық анимация өкілдері, бірнеше буын өкілдері, суретшілер, продюссерлер, режиссерлер, жеке студиялардың өкілдері бар. Қазақ фильмнің алдына жиналып отырмыз. Бірден айтып кету керек бұл ереуіл емес. Жиналған себебіміз — «Қазақфильмнің» президенті міндетін уақытша атқарушы Айдар Омаров деген кісінің мына қазақ анимация шығармашылық бірлестігін жауып, оны Астанаға көшіремін деген шешімі. Бұл кімнің шешімі? Айдар Омаровтың шешімі ме? Әлде Айдар Омаров айтқандай министр Аида Балаеваның шешімі ме? Біз осы сұрақтарға жауап іздеп келдік», — деді бейнежазбадағы ер адам.
Сонымен қатар ол жылдың басынан бері Мәдениет және ақпарат министрлігі талаптарын естіп, жылдың басынан тұңғыш рет мүмкіндік беріп отырғанын айтты. Алайда «Қазақфильмнің» басшылары осы келісімшартты іске қоспай отырған көрінеді.
«Қаншама мамандар тұр?!. Барлығы анимация өкілдері барлығы осымен күн көріп жүрген, анимацияға жаны ашитын адамдар осы жерде жиналып отыр. Астанада емес, Алматыда. Жұмыс әлі басталмады. Қаражаты, жоспары, келісімшарт, құжаттары бәрі дайын. Бірақ өкінішке қарай міне жұмыс басталар емес. Міне ұжым болып Айдар Омаров деген кісіні шақырып сұрақ қояйын деп отырмыз. Сол сұрақтардың бүгін жауабын алмай кетпейміз», — деді ер адам.
Одан кейін Ерлан Төлеутай сөз сөйледі.
«Мінекей, «Қазақфильмнің» уақытша басшысы Айдар Омаров бастаған «саботаж» міне бір жыл боп қалды. Әлі жалғасуда. Бұл Айдар Омаров деген уақытша басшы киногерлердің қанын ішуде. Біздің еңбек құқығымызды таптауда. «Самовольно» іс қылуда. Ойына келгенін істеуде. Осындай «беспредел», былайша айтқанда «Қазақфильм» қазір «бандитизмнің ошағына айналып отыр. Өйткені олар ойына не келсе соны істейді. Айырам десе, жұмыстан айыра салады. Мынау тұрған еліміздің жас буын суреткерлері. Аниматорлары, режиссерлері, мына арбаға таңылып отырған режиссер апамыз біздің. Әмен Қайдаровтың замандастары. Олар бүгін Әмен Қайдаровтың қара шаңырағын Астанаға мұндай бандиттің жолмен көшіріп әкетуіне қарсы. Біз бәріміз қарсымыз! Аида Балаева, мына Айдар Омаров атты орынбасарыңды алып кет бізден! Құтқар біздің «Қазақ фильмді»! Құтқар біздің анимацияны мына сұмдықтан!», — деді Ерлан Төлеутай.
Бейнежазбалардың бірінде бейтаныс бір ер адам наразы топты сабырға шақырып, конфликт жасамауға шақырады. Оның кім екенін сұрағанда «қауіпсіздік қызметіненмін» деп жауап береді. Дегенмен наразы топ оған «Қазақфильм» территориясына кіре алмай жүргенін айтып түсіндірді. Қарапайым кеңседе қалған киімдері мен заттарын алып кете алмай жүрген әйел өздерін жұмыстан шығаратын болса оны неге айтпайтындарын сұрады. Мүлде елемей, тыныш қана шешім шығарғандарына наразы екендерін айтты.
Еске сала кетсек, Orda.kz бұған дейін Елзат Ескендірді осы киностудияға кіргізбегені жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық