Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс: полиция түсініктеме берді
Фото: Orda.kz
Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тергеу амалдары басталып, оған «Басқа біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Осы жағдай бойынша полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін қылмыстық іс қозғалғаны туралы отбасының адвокаты Асқар Қаймақов мәлімдеген. Жағдайды полиция түсіндірді.
«10 желтоқсанда Азат ауылында болған заңсыз әрекеттердің нәтижесінде автомобиль иесіне материалдық залал келтірілгені анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілік шегінен асып кетті», - дейді облыстық полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары Қаржаубай Нұрымовтың нақты қандай құқық бұзушылық жасағанын айтты.
«Нұрымов машинаны пышақпен тырнап, дөңгелегін тесіп тастады. Әрі қарай айналасындағыларға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қауіп төндіре отырып, азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзуды жалғастырды» делінген хабарламада.
Еске салайық, Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасынан кейін Қаржаубай Нұрымов шу шығарып, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты.
Полиция Қаржаубай Нұрымовты алып кетті. Ол 15 күнге қамалды. Сонымен қатар Қаржаубайдың қарындасы мен күйеу баласын да полиция ұстады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық