Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: ortcom.kz
Конституциялық өкілеттіктері шеңберінде прокуратура органдары Құрылтай депутаттарын сайлаудың барлық кезеңінде заң талаптарының қатаң сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру мақсатында қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгінгі таңда прокуратура органдары сайлау заңнамасын бұзудың 8 дерегін тіркеді, оның ішінде 3 дерек сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуға және 5 дерек тыйым салынған кезеңде үгітжүргізуге байланысты.
Прокурорлар қысқартылған тәртіппен жеті жеке тұлғаны және бір заңды тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартты. Олардың барлығы кінәсін мойындады, әрекеттеріне өкінді және онлайн-платформалардағы заңсыз жарияланымдарын жойды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 22 тамызда, сағат 00:00-де аяқталады.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 32-бабы 1-тармағына сәйкес, дауыс беру күні және оның алдындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады, яғни 2026 жылғы 22 және 23 тамызда.
Осыған байланысты сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.
Сол сияқты интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға болады. Бұл ретте, бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 32-бабы).
Сондай-ақ толтырылған бюллетеньді фото- және (немесе) бейнетүсірілімге түсіруге және оны дауыс беру күні таратуға тыйым салынады.
Осы құқықтық шектеулер сақталмаған жағдайда үгітжүргізуге тыйым салынған кезеңде оны жүргізгені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық туындайды. Жеке тұлғаларға – 15, шығын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көзделген.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 9-тармағына сәйкес қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерін дауыс берілетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейтінін тағы да еске саламыз.
Сондай-ақ сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пікірге сауал салуға тыйым салынады.
Көрсетілген құқықтық талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (жеке тұлғаларға – 10, заңды тұлғаларға – 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады).
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының ережелерін қатаң сақтау қажет, оған сәйкес жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі, ал демонстрациялар мен шерулер үшін келісу тәртібі көзделген.
Жоғарыда көрсетілген белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастырғаны және оларға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы бойынша айтарлықтай мерзімге қамаққа алуға дейінгі жаза көзделген.
Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен ұштасса, қылмыстық жауаптылық туындайды (ҚК-нің 400-бабы).
Масс-медиада жалған мәліметтер мен құқыққа қайшы контенттің таратылуына ерекше назар аударамыз, ол үшін қауіптілік дәрежесіне және келтірілген зиянға қарай Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық та, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы бойынша әкімшілік жаза да көзделген.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сайлау процесінің барлық қатысушысын аталған заң талаптарын сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге шақырады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Kanye West концерті Алматыға бес млрд теңге пайда әкелді
- Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады
- Қазақстандықтар Кореяға EPS арқылы қалай жұмысқа орналаса алады? Министірлік талаптарды түсіндірді
- Нақты жобалар 2030-2040 жылдарға қалады: Алматының Бас жоспары қашан бекітіледі?
- Бүгін Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталады: Ертең — «тыныштық күні»
- Қазақстанда демалыс күндері жаңбырлы болады
- Қарағандыда полиция TikTok-та «қыз болып» қылымсыған еркекті ұстады
- Ақтастағы психиатриялық ауруханада тексеру жүргізіліп заңбұзушылықтар анықталды
- «Құрылтай» есімі сәнге айнала ма? Әзірге 10 адам бар
- Алматыда күйеу баласы енесін зорлады деген күдікке ілікті
- Автобуста төбелесіп, пышақ шығарған
- 290 миллион теңге салық: Қылмыскер Ресей Федерациясынан экстрадицияланды
- «Қалың мал бергенбіз»: Меркідегі 19 жастағы Мадинаның дүниесін қайын жұрты неге бермеді?
- Алматы мен Гонконг арасында жаңа тікелей әуе рейсі ашылады
- «Резеңке пәтерлердің» кесірі: Алматыда пәтерге тіркелетін тұрғындар санына шектеу қойылады
- Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды
- Елімізде әуе рейсі өзгерісін реттейтін жаңа платформа іске қосылады
- «Қызымды бірден тани алмадым»: Фельдшер Ұлдананың анасы сотта көз жасына ерік берді
- «Аттестат алмайсың»: 17 жастағы қыздың өліміне қатысты отбасы мұғалімді айыптады
- Қарағандыда жас ананың туыстары суицид жасады дегенге сенбейді